Негізгі мазмұнға өту
Сейсенбі, 10 қараша 2026 $ 449,1↑€ 501,2↑₽ 5,49↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Мейрамбек Беспаевтың жары әншінің 50 жас мерейтойынан видео жариялады • Төрехан Сабырхан Тоқаевтан награда алған соң әсерімен бөлісті • Блогер Біржан Әшімнің әкесі дүние салды • Қарағанды облысында 140 шақырымдық жолдың сиқы осы: 1,5 сағаттық жолға жүргізушілер 5 сағат жұмсайды • Тоқаев «алтынынан» айырылған жеңіл атлетті мемлекеттік наградамен марапаттады • Тоқаев Мәскеудегі ҰҚШҰ саммитіне қатысады • Мейрамбек Беспаевтың жары әншінің 50 жас мерейтойынан видео жариялады • Төрехан Сабырхан Тоқаевтан награда алған соң әсерімен бөлісті • Блогер Біржан Әшімнің әкесі дүние салды • Қарағанды облысында 140 шақырымдық жолдың сиқы осы: 1,5 сағаттық жолға жүргізушілер 5 сағат жұмсайды • Тоқаев «алтынынан» айырылған жеңіл атлетті мемлекеттік наградамен марапаттады • Тоқаев Мәскеудегі ҰҚШҰ саммитіне қатысады •

    Димаш Құдайберген уәдесінде тұрды: спортшыға көлік сыйлады

    Әнші Димаш Құдайберген жас спортшы Михаил Шайдоровқа уәде еткен Hyundai Palisade көлігін сыйлады. Ол бұл сыйлықты барша қазақ елінің атынан бергенін айтты.

    Димаш Құдайберген уәдесінде тұрды: спортшыға көлік сыйлады
    file_599.jpg

    Әлемге әйгілі әнші Димаш Құдайберген жас спортшы Михаил Шайдоровқа уәде еткен бағалы сыйлығын табыстады, деп хабарлайды Qazaqtoday ақпарат агенттігі.

    Өнер иесі спортшыны елге аман-есен оралуымен құттықтап, оған Hyundai Palisade көлігінің кілтін ресми түрде ұсынды.

    «Бұл сыйлықты өз атымнан ғана емес, Михаилдің жеңісімен қуанып, мерейі үстем болған барша қазақстандықтардың атынан табыстап отырмын», — деді Димаш Құдайберген.

    Сонымен қатар Димаш Михаил Шайдоровқа зор денсаулық, сарқылмас күш-қуат тілеп, алдағы жарыстарда жаңа рекордтар бағындыруына сенім білдірді.

    Көлікті табыстау сәтінен видео мен құттықтау жазбасы әлеуметтік желілерде жарияланды.

    Фото: Әлеуметтік желіден

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →