Негізгі мазмұнға өту
Дүйсенбі, 10 тамыз 2026 $ 468,0 540,9 5,71
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    «Челси» мен «Джохор» арасындағы матч 3:3 есебімен тең аяқталды Алматы облысындағы психиатриялық ауруханаға қатысты тексеру қорытындысы жарияланды Президент Тоқаевтың сүйікті сәйгүлігі Ақжанның бейнесі алғаш рет жарияланды Астанадағы жасанды интеллект олимпиадасы жеңімпаздары Telegram жүлделерін ала алады «Челси» «Джохормен» матчқа шығатын құрамды жариялады Батыс Қазақстан облысында жолаушылар мінген автобус өртке оранды «Челси» мен «Джохор» арасындағы матч 3:3 есебімен тең аяқталды Алматы облысындағы психиатриялық ауруханаға қатысты тексеру қорытындысы жарияланды Президент Тоқаевтың сүйікті сәйгүлігі Ақжанның бейнесі алғаш рет жарияланды Астанадағы жасанды интеллект олимпиадасы жеңімпаздары Telegram жүлделерін ала алады «Челси» «Джохормен» матчқа шығатын құрамды жариялады Батыс Қазақстан облысында жолаушылар мінген автобус өртке оранды

    Баласы үшін көлігін сатқан: чемпионның әкесіне көлік сыйға тартылды

    Кәсіпкер Арсен Томский Олимпиада чемпионы Михаил Шайдоровтың әкесіне көлік сыйлады. Ол бұл сыйлық ұлының арманы үшін өз көлігін сатқан әкеге деген алғыс екенін айтты.

    Баласы үшін көлігін сатқан: чемпионның әкесіне көлік сыйға тартылды
    file_479.jpg

    Белгілі кәсіпкер Арсен Томский мәнерлеп сырғанаушы Михаил Шайдоровтың әкесіне жаңа автокөлік сыйлады, деп хабарлайды Qazaqtoday ақпарат агенттігі.

    Кәсіпкер бұл қадамы арқылы спортшының Италиядағы Олимпиада ойындарындағы «сенсациялық» жеңісін ерекше атап өткісі келгенін жеткізді. Оның айтуынша, бұл сыйлық – ұлының арманы үшін кезінде жеке көлігін құрбан еткен әкесіне әрі алғашқы бапкеріне деген алғыс.

    «Бұл – спортшының керемет жеңісіне ортақтасу ғана емес, сонымен қатар ұлының болашағы үшін бәрін жасаған әкеге деген құрмет. Кезінде ол баласының спортпен айналысуы үшін өз көлігін сатуға мәжбүр болған», — деп атап өтті Томский.

    Еске сала кетейік, бұған дейін әнші Димаш Құдайберген де Олимпиада чемпионы атанған Михаил Шайдоровтың өзіне автокөлік сыйлайтынын мәлімдеген болатын.

    Фото: Әлеуметтік желіден

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →