Негізгі мазмұнға өту
Сейсенбі, 10 қараша 2026 $ 449,1↑€ 501,2↑₽ 5,49↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Тоқаев марафоншы Ясмина Тоқсанбаеваны «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапаттады • Мейрамбек Беспаевтың жары әншінің 50 жас мерейтойынан видео жариялады • Төрехан Сабырхан Тоқаевтан награда алған соң әсерімен бөлісті • Блогер Біржан Әшімнің әкесі дүние салды • Қарағанды облысында 140 шақырымдық жолдың сиқы осы: 1,5 сағаттық жолға жүргізушілер 5 сағат жұмсайды • Тоқаев «алтынынан» айырылған жеңіл атлетті мемлекеттік наградамен марапаттады • Тоқаев марафоншы Ясмина Тоқсанбаеваны «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапаттады • Мейрамбек Беспаевтың жары әншінің 50 жас мерейтойынан видео жариялады • Төрехан Сабырхан Тоқаевтан награда алған соң әсерімен бөлісті • Блогер Біржан Әшімнің әкесі дүние салды • Қарағанды облысында 140 шақырымдық жолдың сиқы осы: 1,5 сағаттық жолға жүргізушілер 5 сағат жұмсайды • Тоқаев «алтынынан» айырылған жеңіл атлетті мемлекеттік наградамен марапаттады •

    ШҚО әкімінің орынбасары ұсталды: әкімдік жауап берді

    ШҚО әкімдігі Жақсылық Омардың ұсталғаны туралы ақпаратқа жауап берді. Әкімдік шенеуніктің денсаулығына байланысты демалыста екенін айтты.

    ШҚО әкімінің орынбасары ұсталды: әкімдік жауап берді
    file_466.jpg

    Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі әлеуметтік желіде тараған әкімнің бірінші орынбасары Жақсылық Омардың ұсталуы туралы ақпаратқа қатысты түсінік берді, деп хабарлайды Qazaqtoday ақпарат агенттігі.

    Әкімдіктің баспасөз қызметі желіде тараған қауесеттің ресми дереккөзі жоқ екенін және бұл мәліметті растай алмайтынын жеткізді.

    «Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінде лауазымды тұлғаға қатысты ешқандай мәлімет жоқ. Интернет желісінде тарап жатқан ақпараттың ресми дереккөзі көрсетілмеген. Қолымыздағы дерек бойынша, шенеунік денсаулығына байланысты уақытша демалыс алған болатын», – деп хабарлады ШҚО әкімдігінің баспасөз қызметі.

    Бұған дейін бірқатар ақпарат көздерінде ШҚО әкімінің бірінші орынбасары мен басқа да тұлғалардың ұсталғаны туралы ақпарат тараған болатын. Алайда, бұл мәліметті құқық қорғау органдары ресми түрде растаған жоқ.

    Фото: Әлеуметтік желіден

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →