Негізгі мазмұнға өту
Жұма, 6 қараша 2026 $ 452,6↓€ 509,7↑₽ 5,53↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Шымкенттегі «Жұлдыз» индустриалды аймағы теміржол желісімен қамтылды • Таразда бокстан Қазақстан чемпионатының барлық финалдық жұптары белгілі болды • Сұлтанбек Айбарұлы Тараздағы Қазақстан чемпионатының финалына нокаутпен шықты • Атыраудағы сүру жұмыстары тұрғындардың наразылығын тудырды • Зейнуллинов Қазақстан чемпионатының жартылай финалында жеңілді • Қазақстан Президенті мен Иордания Королі келіссөз жүргізді • Шымкенттегі «Жұлдыз» индустриалды аймағы теміржол желісімен қамтылды • Таразда бокстан Қазақстан чемпионатының барлық финалдық жұптары белгілі болды • Сұлтанбек Айбарұлы Тараздағы Қазақстан чемпионатының финалына нокаутпен шықты • Атыраудағы сүру жұмыстары тұрғындардың наразылығын тудырды • Зейнуллинов Қазақстан чемпионатының жартылай финалында жеңілді • Қазақстан Президенті мен Иордания Королі келіссөз жүргізді •

    Петропавлда із-түссіз жоғалған 18 жастағы жігіттің мәйіті орманнан табылды

    Петропавлда із-түссіз жоғалған 18 жастағы жігіттің мәйіті орманнан табылды
    Фото: instagram.com/volonterypetropavl

    Петропавл қаласында хабар-ошарсыз кеткен 18 жастағы Ролан Зуевтің мәйіті қала маңындағы орман аумағынан табылды. Бұл туралы QazaqToday.info ақпараттық порталы хабарлайды.

    Алдын ала деректерге сәйкес, марқұмның денесінен зорлық-зомбылық белгілері анықталмаған. Қазіргі уақытта оның өліміне не себеп болғаны сарапталып, тиісті тексеру шаралары жүргізіліп жатыр.

    Солтүстік Қазақстан облыстық полиция департаменті аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалғанын мәлімдеді. Тергеу барысында оқиғаның барлық мән-жайы жан-жақты зерттелмек.

    Еске сала кетейік, Ролан Зуев қаңтар айының ортасында үйінен шығып кеткеннен кейін байланысқа шықпаған. Жігіттің жоғалғаны туралы полицияға оның әпкесі арыз түсірген. Содан бері жас жігітті іздестіру жұмыстары жүргізілген.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →