Негізгі мазмұнға өту
Жұма, 6 қараша 2026 $ 452,6↓€ 509,7↑₽ 5,53↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Канадалық журналист CAS-тің Ресейді хоккейге қайтару туралы түсіндірмесіне жауап берді • Шымкенттегі «Жұлдыз» индустриалды аймағы теміржол желісімен қамтылды • Таразда бокстан Қазақстан чемпионатының барлық финалдық жұптары белгілі болды • Сұлтанбек Айбарұлы Тараздағы Қазақстан чемпионатының финалына нокаутпен шықты • Атыраудағы сүру жұмыстары тұрғындардың наразылығын тудырды • Зейнуллинов Қазақстан чемпионатының жартылай финалында жеңілді • Канадалық журналист CAS-тің Ресейді хоккейге қайтару туралы түсіндірмесіне жауап берді • Шымкенттегі «Жұлдыз» индустриалды аймағы теміржол желісімен қамтылды • Таразда бокстан Қазақстан чемпионатының барлық финалдық жұптары белгілі болды • Сұлтанбек Айбарұлы Тараздағы Қазақстан чемпионатының финалына нокаутпен шықты • Атыраудағы сүру жұмыстары тұрғындардың наразылығын тудырды • Зейнуллинов Қазақстан чемпионатының жартылай финалында жеңілді •

    QazaqOil-ға байкот жариялау керек пе?

    QazaqOil-ға байкот жариялау керек пе?

    Атыраудан шығар жолдағы QazaqOil жанармай құю бекетінде әжетханаға кіру қосымша төлем арқылы жүзеге асатыны белгілі болды. Бұл талап жанармай құйған жүргізушілерге де бірдей қойылып отыр. Бұл туралы QazaqToday.info ақпараттық порталы хабарлайды.

    Әлеуметтік желіде тараған видеода кей қолданушылар «QazaqOil-ға байкот жариялау керек» деген пікір білдірген. Олардың айтуынша, тәулігіне жүздеген көлік аялдайтын бекетте санитарлық қызметтің бөлек есептелуі тұрақты табыс көзіне айналған. Бұл жағдай тұрғындар арасында наразылық туғызуда.

    Жол бойындағы жанармай құю бекеттері — ұзақ сапарға шыққан жүргізуші үшін ең қажетті инфрақұрылымның бірі. Мұнда санитарлық қызмет бұрын сервистің ажырамас бөлігі саналатын. Ал оны жеке қызмет ретінде ұсыну, кей сарапшылардың пікірінше, компания кірісін арттыруға бағытталған тәсіл болуы ықтимал.

    Видео дереккөзі: monitoring24kz

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →