Негізгі мазмұнға өту
Дүйсенбі, 9 қараша 2026 $ 447,5↓€ 498,9↓₽ 5,46↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Sulpak тағы да сынның астында: астаналық тұрғын қорабы зақымдалған iPhone-ды қайтармақ болып, мәселені шеше алмай жүр • Анара Батырханға «Ерен еңбегі үшін» медалі не үшін берілді? Министрлік түсініктеме берді • Ұлттық пантеонда жерленетін тұлғалар тізіміне өзгеріс енгізілді • Асхат Тарғын Жәнібек Бекбосыновтың қазасына көңіл айтты • Астана-Петропавл тасжолындағы сұмдық апат: зардап шеккендердің арасында нәресте бар • Мақпал Жүнісова Мейрамбектің мерейтойына неге келмегенін түсіндірді • Sulpak тағы да сынның астында: астаналық тұрғын қорабы зақымдалған iPhone-ды қайтармақ болып, мәселені шеше алмай жүр • Анара Батырханға «Ерен еңбегі үшін» медалі не үшін берілді? Министрлік түсініктеме берді • Ұлттық пантеонда жерленетін тұлғалар тізіміне өзгеріс енгізілді • Асхат Тарғын Жәнібек Бекбосыновтың қазасына көңіл айтты • Астана-Петропавл тасжолындағы сұмдық апат: зардап шеккендердің арасында нәресте бар • Мақпал Жүнісова Мейрамбектің мерейтойына неге келмегенін түсіндірді •

    Назарбаев қоры ҚБТУ-ды иеленді: Тарихи ғимарат мемлекетке қайтарылғанымен, ЖОО қор иелігіне өтті

    Динара Құлыбаеваның қатысы бар "Нұрсұлтан Назарбаев қоры" ҚБТУ-дың акционері болды. Ал Алматыдағы тарихи ғимарат мемлекетке сыйға тартылды.

    Назарбаев қоры ҚБТУ-ды иеленді: Тарихи ғимарат мемлекетке қайтарылғанымен, ЖОО қор иелігіне өтті
    file_247.jpg

    «Нұрсұлтан Назарбаевтың білім беру қоры» Қазақстан-Британ техникалық университетінің (ҚБТУ) акционері атанды. Бұған дейін оқу орны «Қайтарылған активтерді басқару жөніндегі компанияға» тиесілі болған, деп хабарлайды Qazaqtoday ақпарат агенттігі.

    Акционерлердің ауысқаны туралы ақпарат қаржылық есептілік депозитарийінің сайтында жарияланды. Университеттің жаңа иесі – NNEF қоғамдық қоры. Оның құрылтайшыларының бірі – Динара Құлыбаева.

    Сонымен қатар, корпоративтік оқиғалар туралы басқа есепте ҚБТУ ғимаратының мемлекет меншігіне өтетіні хабарланды. Акционер шешімі бойынша, тарихи маңызы бар нысан мемлекетке сыйға тартылмақ.

    «Алматы қаласы, Төле би көшесі, 59 мекенжайында орналасқан, 1957 жылы салынған, республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіші саналатын «ҚБТУ» АҚ әкімшілік ғимараты сыйға тарту шартын жасасу және қабылдау-тапсыру актісіне қол қою арқылы мемлекетке берілсін. Жоғарыда аталған ғимаратқа сенімгерлік басқару шартын жасасуға бастамашылық етілсін», — делінген жарияланған құжатта.

    Фото: Әлеуметтік желіден

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →