Негізгі мазмұнға өту
Дүйсенбі, 9 қараша 2026 $ 447,5↓€ 498,9↓₽ 5,46↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Ұлттық пантеонда жерленетін тұлғалар тізіміне өзгеріс енгізілді • Асхат Тарғын Жәнібек Бекбосыновтың қазасына көңіл айтты • Астана-Петропавл тасжолындағы сұмдық апат: зардап шеккендердің арасында нәресте бар • Мақпал Жүнісова Мейрамбектің мерейтойына неге келмегенін түсіндірді • «Kaspi барлық ақшамнан айырды»: Қазақстандық әйел банкке қатысты шағымданды • Астанада әкесі дүкенге кеткенде баласы көлікті дәмханаға соққан • Ұлттық пантеонда жерленетін тұлғалар тізіміне өзгеріс енгізілді • Асхат Тарғын Жәнібек Бекбосыновтың қазасына көңіл айтты • Астана-Петропавл тасжолындағы сұмдық апат: зардап шеккендердің арасында нәресте бар • Мақпал Жүнісова Мейрамбектің мерейтойына неге келмегенін түсіндірді • «Kaspi барлық ақшамнан айырды»: Қазақстандық әйел банкке қатысты шағымданды • Астанада әкесі дүкенге кеткенде баласы көлікті дәмханаға соққан •

    Рамзан Қадыровтың ұлы Адам жол апатына түсіп, ес-түссіз жатыр

    Шешенстан басшысы Рамзан Қадыровтың 18 жастағы ұлы Адам Грозныйда ауыр жол апатына ұшырады. Оппозициялық БАҚ оның ес-түссіз жатқанын хабарлады.

    Рамзан Қадыровтың ұлы Адам жол апатына түсіп, ес-түссіз жатыр
    file_133.jpg

    Шешенстан басшысы Рамзан Қадыровтың 18 жастағы ұлы Адам Қадыров Грозный қаласында ірі жол-көлік оқиғасына ұшырап, ауруханаға ауыр халде жеткізілді, деп хабарлайды Qazaqtoday ақпарат агенттігі.

    Бұл туралы шешен оппозициясының Niyso телеграм-арнасы мен «Кавказ.Реалии» басылымы өз дереккөздеріне сүйеніп мәлімдеді. Ақпаратқа сәйкес, Қадыровтың кортежі жоғары жылдамдықпен жүрген. Салдарынан бірнеше көлік соқтығысып, бірнеше адам зардап шеккен. Оқиғадан кейін Грозный қаласында көлік қозғалысы уақытша шектелген.

    Қазіргі уақытта Адам Қадыров Грозныйдағы республикалық аурухананың жансақтау бөлімінде ес-түссіз жатыр. Дереккөздердің мәліметінше, дәрігерлер оны шұғыл түрде Мәскеуге тасымалдауға дайындап жатыр.

    Адам Қадыров – әкесінің көпшілікке ең танымал ұлдарының бірі. Ол 2023 жылы Құранды өртеді деп айыпталған Никита Журавельді тергеу изоляторында соққыға жыққан видеосы арқылы танылған еді.

    Сол кезде Рамзан Қадыров ұлының бұл әрекетімен мақтанатынын айтып, оны толықтай қолдайтынын жеткізген болатын.

    Осы оқиғадан кейін Адам Қадыровқа бірнеше мемлекеттік марапат табысталып, ол Шешенстан Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы және республикалық Ішкі істер министрлігінің кураторы сияқты бірнеше жоғары лауазымға тағайындалған.

    Фото: Әлеуметтік желіден

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →