Негізгі мазмұнға өту
Дүйсенбі, 9 қараша 2026 $ 447,5↓€ 498,9↓₽ 5,46↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Ұлттық пантеонда жерленетін тұлғалар тізіміне өзгеріс енгізілді • Асхат Тарғын Жәнібек Бекбосыновтың қазасына көңіл айтты • Астана-Петропавл тасжолындағы сұмдық апат: зардап шеккендердің арасында нәресте бар • Мақпал Жүнісова Мейрамбектің мерейтойына неге келмегенін түсіндірді • «Kaspi барлық ақшамнан айырды»: Қазақстандық әйел банкке қатысты шағымданды • Астанада әкесі дүкенге кеткенде баласы көлікті дәмханаға соққан • Ұлттық пантеонда жерленетін тұлғалар тізіміне өзгеріс енгізілді • Асхат Тарғын Жәнібек Бекбосыновтың қазасына көңіл айтты • Астана-Петропавл тасжолындағы сұмдық апат: зардап шеккендердің арасында нәресте бар • Мақпал Жүнісова Мейрамбектің мерейтойына неге келмегенін түсіндірді • «Kaspi барлық ақшамнан айырды»: Қазақстандық әйел банкке қатысты шағымданды • Астанада әкесі дүкенге кеткенде баласы көлікті дәмханаға соққан •

    Үндістанда ғажайып оқиға: Өлді деп жарияланған әжей туған күнінде оянды

    Үндістанда 103 жастағы әжейді марқұм деп танып, жерлеуге дайындаған. Алайда ол өзінің туған күнінде, жаназасы шығарылар сәтте оянып кеткен.

    Үндістанда ғажайып оқиға: Өлді деп жарияланған әжей туған күнінде оянды
    file_113.jpg

    Үндістанның Махараштра штатында 103 жастағы кейуананы марқұм деп таныған соң, ол жерлеу рәсімі кезінде кенеттен оянып кетті, деп хабарлайды Qazaqtoday ақпарат агенттігі.

    Hindustan басылымының жазуынша, Гангабай есімді әжейді қайтыс болды деп санап, отбасы оны соңғы сапарға шығарып салуға дайындалған.

    «Жүз үш жастағы Гангабайды марқұм деп есептеді. Жерлеу рәсіміне бәрі дайын болған еді», — делінген мақалада.

    Дәстүр бойынша, әжейдің үйінің алдына арнайы шатыр тігіліп, оның денесіне жаназаға арналған сари кигізілген. Марқұмның денесін алып кететін көлікті күтіп, туыстары мен жақындары түгел жиналған.

    Алайда, жиналғандардың таңданысын тудырып, әжей кенеттен тіршілік белгісін көрсетіп, орнынан отырған. Ең қызығы, бұл оқиға оның 103-ке толған туған күнінде болған.

    Гангабайдың туыстары бұл жағдайды нағыз кереметке балап, аза тұту рәсімінің орнына отбасы оның 103 жасқа толған туған күнін қуанышпен атап өтті.

    Фото: Hindustan

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →