Негізгі мазмұнға өту
Жексенбі, 8 қараша 2026 $ 448,3↓€ 499,4↓₽ 5,47↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Елена Рыбакинаның орнына WTA қорытынды турнирінде Марта Костюк ойнайды • Стендап-комикке қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін 86,5 мың теңге айыппұл салынды • Головкин Дакарда ХОК президенті Кирсти Ковентримен кездесті • Латвияның «Рига» клубы РФШ-қа қарсы матчқа шығудан бас тартты • Мереке Қалбаева енесінің ұлын қызғанып, психологқа барғанын айтты • Кирилл Ли өмірден өтті: 1990 жылдардағы Алматы сахнасының жұлдызы • Елена Рыбакинаның орнына WTA қорытынды турнирінде Марта Костюк ойнайды • Стендап-комикке қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін 86,5 мың теңге айыппұл салынды • Головкин Дакарда ХОК президенті Кирсти Ковентримен кездесті • Латвияның «Рига» клубы РФШ-қа қарсы матчқа шығудан бас тартты • Мереке Қалбаева енесінің ұлын қызғанып, психологқа барғанын айтты • Кирилл Ли өмірден өтті: 1990 жылдардағы Алматы сахнасының жұлдызы •

    Сарбаз Бекбол Мираштың өлімі: Айыпталған сержант 3 жарым жылға сотталды

    Шымкент гарнизоны сотында Жамбыл облысындағы «Шөлдала» шекара бекетінде өз-өзіне қол салған сарбаз Бекбол Мираштың ісі бойынша сот отырысы аяқталды, деп хабарлайды Qazaq.today Ulysmedia.kz-ке сілтеме жасап. 

    Қылмыстық істе басты айыпталушы болған аға сержант Айбек Нұртай «өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу» бабы бойынша ақталды. Алайда «қызметін асыра пайдаланды» және «ақшаны қорқытып алды» бабымен кінәлі деп танылды. Сот шешімімен ол 3,5 жылға бас бостандығынан айырды.

    Еске сала кетейік, Жамбыл облысында әскери борышын өтеп жүріп, былтыр жазда өз-өзіне қол салған 18 жастағы Бекбол Мираштың ісі бір жылға созылды. Бұған дейін Ulysmedia.kz тілшісіне сотталушы сержант Айбек Нұртаевтың адвокаты Сержан Пірәлев болған жайт бойынша өз нұсқасын айтқан еді. Ол Айбек Нұртаевтың бұл қылмысқа айыбы жоқтығын мәлімдеген.

    Сержан Пірәлиев таяуда журналистерге осы іске қатысты адам сенгісіз фактілерді жария еткен. Оның айтуынша, сот кезінде сараптама тағайындалған.

    «Оның қорытындысы мені, яғни жігіттің адвокатын ғана емес, бүкіл жұртты есінен тандыра жаздады: биологиялық сараптама жігіттің ауыз қуысы мен іш киімінен, футболкасынан екі және одан да көп ер адамға тиесілі шәует (сперма) ізі табылғанын анықтады», — деген еді адвокат.

    Qazaq.today

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →