Негізгі мазмұнға өту
Жексенбі, 9 тамыз 2026 $ 468,0 540,9 5,71
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    «Төрт мың доллар төледік»: Гүлзира Айдарбекованың үшінші келінін бала күтушісі тонап кетті Маңғыстауда мұнай кен орнында өрт шықты «Қазақтың үш қызын жар етуді нәсіп етті»: Бекболат Тілеухан жеке өмірі туралы айтты Шавкат Рахмоновтың отбасы қара жамылды Мемлекет басшысы Сингапур Президентін ұлттық мерекемен құттықтады «Елубайдың бауы берік болсын»: Өзінен 25 жас кіші қызға үйленген актер сүйінші сұрады «Төрт мың доллар төледік»: Гүлзира Айдарбекованың үшінші келінін бала күтушісі тонап кетті Маңғыстауда мұнай кен орнында өрт шықты «Қазақтың үш қызын жар етуді нәсіп етті»: Бекболат Тілеухан жеке өмірі туралы айтты Шавкат Рахмоновтың отбасы қара жамылды Мемлекет басшысы Сингапур Президентін ұлттық мерекемен құттықтады «Елубайдың бауы берік болсын»: Өзінен 25 жас кіші қызға үйленген актер сүйінші сұрады

    Қоғам белсендісі Жетісу облысында сегіз айлық баланың жоғалып кеткенін айтып дабыл қақты

    Желіде қоғам белсендісі Дина Таңсәрі Қаскелең және Талдықорған қалаларының прокуратурасы, полициясы қызметкерлерінен, сондай-ақ балалар омбудсменінен әкесі ұрлап кеткен 8 айлық баланы іздеуге көмектесуді сұраған видеосын жариялады, деп хабарлайды Qazaq.today Azattyq Rýhy-на сілтеме жасап. 

    Видеода қоғам белсендісі жоғалған сегіз айлық қыздың әлі де емізулі екенін айтады. Сәбидің әкесі қайын енесін ұрғаны үшін 15 күндік әкімшілік қамауға алынған. Дина Таңсәрінің болжамынша, агрессивті әке баланы бір жерде жасырып отыр.

    Ал Талдықорған қалалық полициясы 31 тамыздан бастап Қаскелең қаласының 39 жастағы тұрғыны уақытша ұстау изоляторында қамауда отырғанын растады. Ол әкімшілік соттың қаулысына сәйкес 15 тәулікке қамауға алынған. Ер адам Талдықорғанда 33 жастағы жұбайы мен оның анасына қатысты жасаған «Денсаулығына қасақана жеңіл залал келтіргені» үшін ұсталған.

    «Қыркүйек айының басында әкімшілік соттың қаулысымен ұсталған ер адамның жұбайы тағы да Талдықорған қалалық полициясына шағымданған. Ол 12 тамызда Қаскелең қаласында ерлі-зайыптылардың кезекті жанжалынан кейін күйеуі алып кеткен 8 айлық баланы іздеуге көмектесуді сұрады. Қазіргі уақытта баланы іздеу шараларына Талдықорған мен Қаскелеңнің полицейлері атсалысып жатыр», — деп хабарлады Жетісу облысы ПД.

    Жиналған материалдар Қарасай аудандық ПБ-ға қарау және процестік шешім қабылдау үшін жіберілді.

     

    Qazaq.today

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →