Негізгі мазмұнға өту
Жексенбі, 8 қараша 2026 $ 448,3↓€ 499,4↓₽ 5,47↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Елена Рыбакинаның орнына WTA қорытынды турнирінде Марта Костюк ойнайды • Стендап-комикке қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін 86,5 мың теңге айыппұл салынды • Головкин Дакарда ХОК президенті Кирсти Ковентримен кездесті • Латвияның «Рига» клубы РФШ-қа қарсы матчқа шығудан бас тартты • Мереке Қалбаева енесінің ұлын қызғанып, психологқа барғанын айтты • Кирилл Ли өмірден өтті: 1990 жылдардағы Алматы сахнасының жұлдызы • Елена Рыбакинаның орнына WTA қорытынды турнирінде Марта Костюк ойнайды • Стендап-комикке қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін 86,5 мың теңге айыппұл салынды • Головкин Дакарда ХОК президенті Кирсти Ковентримен кездесті • Латвияның «Рига» клубы РФШ-қа қарсы матчқа шығудан бас тартты • Мереке Қалбаева енесінің ұлын қызғанып, психологқа барғанын айтты • Кирилл Ли өмірден өтті: 1990 жылдардағы Алматы сахнасының жұлдызы •

    Қандастарға тіл тигізген павлодарлық әйелдің үстінен қылмыстық іс ашылды

    Қандасқа тіл тигізген павлодарлық әйел ұлт араздығын тудырды деп айыпталды, деп хабарлайды Qazaq.today «Адырнаға» сілтеме беріп. 

    «1 мамырда Instagram желісіндегі әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу кезінде @nastya_brovkapvl есімді қыз әлеуметтік желіде ұятсыз сөздер айтып, Моңғол Халық Республикасынан келген кандастар туралы теріс сөйлеген видео жарияланды. Бұл дерек Павлодар қаласы ПП Солтүстік полиция бөлімінде тіркелді. Құқық бұзушы анықталды. Ол 27 жастағы павлодарлық келіншек болып шықты. Павлодарлық әйелге қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 174-бабы (әлеуметтік, ұлттық, рулық, нәсілдік, таптық немесе діни араздықты қоздыру) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Қажетті сараптама тағайындалды», — деді сәрсенбіде Павлодар облысы ІІД (ПБ) бастығы Василий Скляр.

    Сонымен қатар, әлеуметтік желіде әдепсіз сөздер айтқаны үшін ӘҚБтК-нің 434-бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

    «Материал сотта қаралып, құқық бұзушыға 20 АЕК көлемінде әкімшілік айыппұл салынды», — деп қосты Скляр.

    Бұған дейін 1 мамырда желіде тараған видеода Настя Бровка есімді қолданушы қандастарға ғана емес, басқа да «жаңадан келгендерге» тіл тигізген. Бұған қоса, ол Павлодардың атын өзгертуге қарсы пікір айтқан.

    Qazaq.today 

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →