Негізгі мазмұнға өту
Жексенбі, 9 тамыз 2026 $ 468,0 540,9 5,71
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    «Қателігімді түсіндім»: «Шоқан» брендінің иесі Борат бейнесін жарнамада қолданғаны үшін кешірім сұрады «Төрт мың доллар төледік»: Гүлзира Айдарбекованың үшінші келінін бала күтушісі тонап кетті Маңғыстауда мұнай кен орнында өрт шықты «Қазақтың үш қызын жар етуді нәсіп етті»: Бекболат Тілеухан жеке өмірі туралы айтты Шавкат Рахмоновтың отбасы қара жамылды Мемлекет басшысы Сингапур Президентін ұлттық мерекемен құттықтады «Қателігімді түсіндім»: «Шоқан» брендінің иесі Борат бейнесін жарнамада қолданғаны үшін кешірім сұрады «Төрт мың доллар төледік»: Гүлзира Айдарбекованың үшінші келінін бала күтушісі тонап кетті Маңғыстауда мұнай кен орнында өрт шықты «Қазақтың үш қызын жар етуді нәсіп етті»: Бекболат Тілеухан жеке өмірі туралы айтты Шавкат Рахмоновтың отбасы қара жамылды Мемлекет басшысы Сингапур Президентін ұлттық мерекемен құттықтады

    Оқушылар мектепте намаз оқыған. Министрлік тексеру жүргізіп жатыр

    Фото: Pixabay

    Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев әлеуметтік желілерде тараған мектепте намаз оқыған балалардың видеосына қатысты тексеру жүргізіліп жатқанын айтты, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы. 

    Бейсембаев оқиғаның қай мектепте, қай өңірде болғаны әлі белгісіз екенін мәлімдеді.

    «Бұл оқиғаның қай мектепте, қай облыста болғанын анықтап жатырмыз. Егжей-тегжейі белгілі болғаннан кейін шаралар қабылданады. Толық мән-жай анықталғанша күтуіміз керек. Алдымен мектепте болды ма, жоқ па соны анықтап алайық», — деді ведомство басшысы Үкімет отырысынан кейін өткен брифингте.

    Оқу-ағарту министрі «Мектепте намазхана керек пе?» деген сұраққа жауап берді.

    «Мектеп — білім мен тәрбиенің ошағы. Сол себепті мектепте міндетті түрде ұстаздарымыз балаларымызға білім беруге бағытталуы керек. Бұл туралы біз үнемі айтып жүрміз. Бұл ұстанымнан біз тайған емеспіз. Сондықтан мұнда басқа мәселені көтерудің қажеті жоқ деп ойлаймын», — деді Ғани Бейсембаев брифингте.

    Дереккөз: BAQ.KZ

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →