Негізгі мазмұнға өту
Жексенбі, 8 қараша 2026 $ 448,3↓€ 499,4↓₽ 5,47↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Ақтөбедегі жеңістерден кейін қазақстандық боксшылар BoxRec рейтингінде жоғарылады • Елена Рыбакинаның орнына WTA қорытынды турнирінде Марта Костюк ойнайды • Стендап-комикке қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін 86,5 мың теңге айыппұл салынды • Головкин Дакарда ХОК президенті Кирсти Ковентримен кездесті • Латвияның «Рига» клубы РФШ-қа қарсы матчқа шығудан бас тартты • Мереке Қалбаева енесінің ұлын қызғанып, психологқа барғанын айтты • Ақтөбедегі жеңістерден кейін қазақстандық боксшылар BoxRec рейтингінде жоғарылады • Елена Рыбакинаның орнына WTA қорытынды турнирінде Марта Костюк ойнайды • Стендап-комикке қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін 86,5 мың теңге айыппұл салынды • Головкин Дакарда ХОК президенті Кирсти Ковентримен кездесті • Латвияның «Рига» клубы РФШ-қа қарсы матчқа шығудан бас тартты • Мереке Қалбаева енесінің ұлын қызғанып, психологқа барғанын айтты •

    Оқу-ағарту министрлігі оқу жылының ұзақтығы мен демалыс уақытын анықтайтын бұйрықты жариялады

    Бұйрық жобасы бекітілсе, барлық білім ошақтарында оқу жылының мерзімі 1 қыркүйек — 31 мамыр аралығында болады

    ҚР Оқу-ағарту министрлігі «Ашық НҚА» порталына білім беру ұйымдарында оқу жылының басталу және аяқталу мерзімі, қорытынды аттестаттау шарасының уақытын айқындау туралы бұйрық жобасын жариялады.

    Бұйрық жобасы бекітілсе, барлық білім ошақтарында оқу жылының мерзімі 1 қыркүйек — 31 мамыр аралығында болады.

    1-11 (12) сыныптарда оқу жылы ішінде тоқсан және демалыс ұзақтығы мынандай тәртіппен бекітілмек:

    1 тоқсан – 8 оқу аптасы, күзгі демалыс – 7 күн (31 қазаннан бастап 6 қарашаны қоса алғанда);

    2 тоқсан – 8 апта, қысқы демалыс — 9 күн (31 желтоқсаннан бастап 8 қаңтарды қоса алғанда);

    3 тоқсан — 10 апта, көктемгі демалыс – 9 күн (18-26 наурызды қоса алғанда);

    4 тоқсан -10 апта.

    1 сыныптарда қосымша демалыс – 7 күн (6-12 ақпан аралығын қоса алғанда).

    Сондай-ақ, пилоттық немесе халықаралық мектептер сияқты басқа да білім беру ұйымдарының сұранысы бойынша баламалы мерзім қолданылуы мүмкін. Бірақ оның да өз тәртібі қарастырылған.

    Ондай жағдайдағы оқу тоқсандарының мерзімдері мынандай тәртіпте ұсынылып отыр:

    1 тоқсан — 9 оқу аптасы, күзгі демалыс – 10 күн (23 қазаннан бастап 1 қарашаны қоса алғанда);

    2 тоқсан – 9 апта, қысқы демалыс – 15 күн (31 желтоқсаннан бастап 14 қаңтарды қоса алғанда);

    3 тоқсан – 9 апта, көктемгі демалыс – 9 күн (20-29 наурызды қоса алғанда);

    4 тоқсан – 9 апта;

    1 сыныпта қосымша демалыс – 7 күн.

    Бұйрық жобасы 21 желтоқсанға дейін қоғамның талқылауда болады.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →