Негізгі мазмұнға өту
Жексенбі, 25 қазан 2026 $ 452,4↑€ 506,9↑₽ 5,63↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    25 қазанда Қазақстанда ауа райы қандай болады: облыстар бойынша болжам • Атырауда қызының TikTok-тағы балағаты үшін анасына әкімшілік хаттама толтырылды • Федоров UCI Asia Tour рейтингінде бірінші орынға шықты • Айсұлу Сүлейменова Азия параойындарында 100 метрге жүгіруден континенттік рекорд орнатты • 18 жастағы астаналық айына 2 млн теңге тауып, оқуға түсуді кейінге қалдырды • Айдос Сұлтанғали күрестен әлем чемпионатының жартылай финалында жеңілді • 25 қазанда Қазақстанда ауа райы қандай болады: облыстар бойынша болжам • Атырауда қызының TikTok-тағы балағаты үшін анасына әкімшілік хаттама толтырылды • Федоров UCI Asia Tour рейтингінде бірінші орынға шықты • Айсұлу Сүлейменова Азия параойындарында 100 метрге жүгіруден континенттік рекорд орнатты • 18 жастағы астаналық айына 2 млн теңге тауып, оқуға түсуді кейінге қалдырды • Айдос Сұлтанғали күрестен әлем чемпионатының жартылай финалында жеңілді •

    Медальсыз: Қазақстан құрамасы Универсиада хоккей турнирінен шығып қалды

    Медальсыз: Қазақстан құрамасы Универсиада хоккей турнирінен шығып қалды

    Қазақстан құрамасы турнирдегі соңғы матчын бүгін түнде өткізді, деп хабарлайды Qazaq.today.

    Туринде өткен қысқы Универсиадада Қазақстанның хоккей құрамасы Швеция мен Оңтүстік Корея құрамаларын ойсырата жеңіп, сәтті бастама жасаған болатын. Алайда кейінгі ойындарда канадалықтармен буллит сериясында жеңіліп, АҚШ құрамасына да есе жіберді. Нәтижесінде команда топтық кезеңде үшінші орын алып, плей-оффқа шықты.

    Ширек финалда Қазақстан құрамасының қарсыласы Словакия командасы болды. Ойын 2:1 есебімен словактардың пайдасына аяқталды. Қазақстан құрамасының жалғыз голын Ян Тютюньков соқты.

    Осылайша, Туринде өткен Универсиадада Қазақстанның хоккей құрамасы өз өнерін аяқтады.

    2023 жылы АҚШ-тың Лейк-Плэсид қаласында өткен алдыңғы студенттік ойындарда Қазақстан хоккей құрамасы қола медаль жеңіп алған еді.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →