Негізгі мазмұнға өту
Жексенбі, 9 тамыз 2026 $ 468,0 540,9 5,71
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    «Қателігімді түсіндім»: «Шоқан» брендінің иесі Борат бейнесін жарнамада қолданғаны үшін кешірім сұрады «Төрт мың доллар төледік»: Гүлзира Айдарбекованың үшінші келінін бала күтушісі тонап кетті Маңғыстауда мұнай кен орнында өрт шықты «Қазақтың үш қызын жар етуді нәсіп етті»: Бекболат Тілеухан жеке өмірі туралы айтты Шавкат Рахмоновтың отбасы қара жамылды Мемлекет басшысы Сингапур Президентін ұлттық мерекемен құттықтады «Қателігімді түсіндім»: «Шоқан» брендінің иесі Борат бейнесін жарнамада қолданғаны үшін кешірім сұрады «Төрт мың доллар төледік»: Гүлзира Айдарбекованың үшінші келінін бала күтушісі тонап кетті Маңғыстауда мұнай кен орнында өрт шықты «Қазақтың үш қызын жар етуді нәсіп етті»: Бекболат Тілеухан жеке өмірі туралы айтты Шавкат Рахмоновтың отбасы қара жамылды Мемлекет басшысы Сингапур Президентін ұлттық мерекемен құттықтады

    Мәслихат депутаттығына бұрынғы кандидат Алматыда жалғыз кісілік пикет өткізді

    Алматыда мәслихат депутаттығына бұрынғы кандидат Равкат Мұхтаров өткен сайлаудың қорытындыларымен келіспейтінін мәлімдеді, деп хабарлайды Qazaq.today Ulysmedia.kz-ке сілтеме жасап.

    Мұхтаров әлеуметтік желіде Әуезов ауданында пикетке шығатынын жазды.

    «Мен Момышұлы мен Абай көшелерінің қиылысында тұрамын. Сайлау әлдеқашан өтіп кетті екен деп, біз оның қорытындысы бұрмаланғанынына көз жұмбауымыз керек. Қолымда дәлелдер бар және өзімдікі дұрыс екеніне сенімді бола отырып, мен бұл туралы айтпай қала алмаймын. Абай-Момышұлы қиылысында мен  бірнеше ондаған адамды өзіме дауыс беруге үндегенмін. Енді мен оларға дауыстарын кім және қалай ұрлағанын айту үшін барамын», — деп жазды экс-кандидат.

    28 жастағы экономист Равкат Мұхтаров Алматы мәслихаты депутаттығына 7 сайлау округі бойынша үміткер болған.

    Айта кетсек, кеше Алматыда сайлау қорытындысына қарсы митингке қатысқаны үшін белсенді Асылбек Қараев 15 тәулікке қамауға алынды.

    Одан бұрын Алматыда тағы бір белсенді Әлнұр Ильяшев ұсталған болатын. Ол 9 сәуірде Алматыдағы Республика алаңында өткен митингке байланысты қамауға алынды.

    Сондай-ақ, Мұхтар Тайжанның 15 тәулікке қамауға алынғаны белгілі болды.

    Саясаткер Нұржан Әлтаевтың да 15 тәулікке қамауға алынғаны туралы хабарланды – ол заңсыз митингілерге шақырды деп айыпталды. Ол Астанадағы жаңаөзендік мұнайшылар жеткізілген  полиция бөліміне барып, сол жерден тікелей эфир жүргізген.

     

    Qazaq.today

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →