Негізгі мазмұнға өту
Жексенбі, 9 тамыз 2026 $ 468,0 540,9 5,71
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    «Қателігімді түсіндім»: «Шоқан» брендінің иесі Борат бейнесін жарнамада қолданғаны үшін кешірім сұрады «Төрт мың доллар төледік»: Гүлзира Айдарбекованың үшінші келінін бала күтушісі тонап кетті Маңғыстауда мұнай кен орнында өрт шықты «Қазақтың үш қызын жар етуді нәсіп етті»: Бекболат Тілеухан жеке өмірі туралы айтты Шавкат Рахмоновтың отбасы қара жамылды Мемлекет басшысы Сингапур Президентін ұлттық мерекемен құттықтады «Қателігімді түсіндім»: «Шоқан» брендінің иесі Борат бейнесін жарнамада қолданғаны үшін кешірім сұрады «Төрт мың доллар төледік»: Гүлзира Айдарбекованың үшінші келінін бала күтушісі тонап кетті Маңғыстауда мұнай кен орнында өрт шықты «Қазақтың үш қызын жар етуді нәсіп етті»: Бекболат Тілеухан жеке өмірі туралы айтты Шавкат Рахмоновтың отбасы қара жамылды Мемлекет басшысы Сингапур Президентін ұлттық мерекемен құттықтады

    «Көктайғақ болады»: Алматы әкімдігі жүргізушілерге ескерту жасады

    «Қазгидромет» РМК болжамы бойынша, ертең Алматыда күн суытып, 31 қазаннан 1 қарашаға қараған түні көктайғақ болады. Алматы қаласында жауын-шашын сілбі қарға ауысады деп күтілуде. Түнде ауа температурасы -3 градусқа дейін төмендеп, көктайғақ болады,  деп хабарлайды Qazaq.today ақпараттық агенттігі. Мұзды жолға байланысты көлік иелеріне жазғы шиналарды қысқы дөңгелекке ауыстыру ұсынылады.

    «Коммуналдық қызметтердің көктайғаққа қарсы жұмыстарды жедел және сапалы жүргізуін қамтамасыз ету мақсатында автокөлік иелерінен мүмкіндігінше қала бойынша қозғалысты шектеуді сұраймыз. Жолдардың жүріс бөлігінде мұз қабаты пайда болуы мүмкін, сондықтан жүргізушілер қозғалыс жылдамдығын төмендетіп, автомобильдер арасындағы қашықтықты сақтап, апаттар қаупінің жоғарылауын ескере отырып, кенеттен маневр жасаудан аулақ болу керек. Жаяу жүргіншілер де мұз қабығының пайда болуына байланысты тротуарларда жүргенде абай болу керек», -деп хабарлады қала әкімдігі. 

    Коммуналдық даму басқармасы көктайғаққа қарсы жұмыстарды жүзеге асыру үшін Алматы қаласының инфрақұрылымына 10 мердігер ұйым, 818 бірлік техника және 1 240 жол жұмысшысы тартылды. 76 тонна көктайғаққа қарсы материалдар дайындалды. Ағымдағы жылы техниканы жаңарту және еңбекті механикаландыру мақсатында 101 бірлік техника сатып алынды. Барлық техника әмбебап болып табылады және қыста да, жазда да қолданылады.

     

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →