Негізгі мазмұнға өту
Жексенбі, 9 тамыз 2026 $ 468,0 540,9 5,71
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    «Қателігімді түсіндім»: «Шоқан» брендінің иесі Борат бейнесін жарнамада қолданғаны үшін кешірім сұрады «Төрт мың доллар төледік»: Гүлзира Айдарбекованың үшінші келінін бала күтушісі тонап кетті Маңғыстауда мұнай кен орнында өрт шықты «Қазақтың үш қызын жар етуді нәсіп етті»: Бекболат Тілеухан жеке өмірі туралы айтты Шавкат Рахмоновтың отбасы қара жамылды Мемлекет басшысы Сингапур Президентін ұлттық мерекемен құттықтады «Қателігімді түсіндім»: «Шоқан» брендінің иесі Борат бейнесін жарнамада қолданғаны үшін кешірім сұрады «Төрт мың доллар төледік»: Гүлзира Айдарбекованың үшінші келінін бала күтушісі тонап кетті Маңғыстауда мұнай кен орнында өрт шықты «Қазақтың үш қызын жар етуді нәсіп етті»: Бекболат Тілеухан жеке өмірі туралы айтты Шавкат Рахмоновтың отбасы қара жамылды Мемлекет басшысы Сингапур Президентін ұлттық мерекемен құттықтады

    «Хиджаб – бұл қысым емес, таңдау»: кішкентай қызын тұмшалап тастаған Айдана Меденова шулы дау жайлы айтты

    «Хиджаб – бұл қысым емес, таңдау»: кішкентай қызын тұмшалап тастаған Айдана Меденова шулы дау жайлы айтты

    Коллаж: Qazaq.today

    Әнші Айдана Меденова әлеуметтік желідегі дауға қатысты пікірін ашық айтты, деп хабарлайды Qazaq.today ақпарат порталы.

    Оның айтуынша, қызы Аминаға хиджаб тағу – ешкімнің қысымы емес, тек өз еркі.

    «Көпшілігі асыра сілтеп, бізді қызымды хиджаб киюге мәжбүрлейді деп жазып жатыр. Естеріңізге саламын: Амина әлі бала. Бұл жаста хиджаб кию міндет емес. Егер ол бүгін шешіп тастаймын десе, ешқандай мәселе жоқ», – деді әнші.

    Айдана үшін ең бастысы – қызының өзін-өзі бағалауы мен еркін таңдауы.

    «Мен әрқашан Аминаға: сен өзіңнің құндылығыңды ешкімге дәлелдеудің қажеті жоқ деп айтамын. Хиджаб – бұл қысым емес, Аллаға деген махаббат пен өз-өзіңді құрметтеу. Бұл – таңдау», – деді ол.

    Әнші өзінің бұл түсінікке ұзақ уақыт бойы келгенін жасырмады.

    «Мен бұған жылдар бойы жеттім. Ал қызым бұл қадамға менен де тез әрі шынайы барды. Әр адамның жолы өзіне тән. Мен тек дұға етемін, оның жолы жеңіл, саналы әрі нұрлы болсын», – деп түйіндеді Меденова.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →