Негізгі мазмұнға өту
Жексенбі, 8 қараша 2026 $ 448,3↓€ 499,4↓₽ 5,47↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Ақтөбедегі жеңістерден кейін қазақстандық боксшылар BoxRec рейтингінде жоғарылады • Елена Рыбакинаның орнына WTA қорытынды турнирінде Марта Костюк ойнайды • Стендап-комикке қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін 86,5 мың теңге айыппұл салынды • Головкин Дакарда ХОК президенті Кирсти Ковентримен кездесті • Латвияның «Рига» клубы РФШ-қа қарсы матчқа шығудан бас тартты • Мереке Қалбаева енесінің ұлын қызғанып, психологқа барғанын айтты • Ақтөбедегі жеңістерден кейін қазақстандық боксшылар BoxRec рейтингінде жоғарылады • Елена Рыбакинаның орнына WTA қорытынды турнирінде Марта Костюк ойнайды • Стендап-комикке қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін 86,5 мың теңге айыппұл салынды • Головкин Дакарда ХОК президенті Кирсти Ковентримен кездесті • Латвияның «Рига» клубы РФШ-қа қарсы матчқа шығудан бас тартты • Мереке Қалбаева енесінің ұлын қызғанып, психологқа барғанын айтты •

    Еуропалық Одаққа кіретін елдер үшін сынақ мерзімі енгізілуі мүмкін

    Еуропалық Одаққа кіретін елдер үшін сынақ мерзімі енгізілуі мүмкін

    Бұл олардың шектеулі құқықтармен мүше болатынын білдіреді.

    Еурокомиссия Еуропалық Одаққа қабылданатын жаңа елдер үшін сынақ мерзімі жүйесіне көшуді ұсынды. Бұл туралы ЕО-ның кеңею мәселелері жөніндегі комиссары Марта Кос мәлімдеді, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы BELTA-ға сілтеме жасап.

    — Еуропалық Одақтың жаңа мүшелері бірнеше жылға сынақ мерзімі шарттарымен қабылдануы мүмкін, — деп жазды комиссар Х әлеуметтік желісінде.

    Кос атап өткендей, осы кезеңде жаңа мүшелердің құқықтары шектелуі мүмкін. Егер олар ЕО талаптарына сәйкес келмесе, қауымдастықтан шығуы да ықтимал.

    Комиссар сондай-ақ Еурокомиссия «ЕО-ның құқық үстемдігі стандарттарын бұзған жағдайда жаңа мүшелердің құқықтарын тоқтата тұруға мүмкіндік беретін жаңа ережелер» әзірлеп жатқанын растады.

    Financial Times газетінің хабарлауынша, Еуропаның бірнеше астанасы Украина, Молдова және Батыс Балқан елдерін ЕО-ға қабылдауға қарсы. Олар бұл елдердің Еуроодаққа қосылуы демократия, БАҚ еркіндігі және соттардың тәуелсіздігі жөніндегі ЕО нормаларын әлсіретуі мүмкін деп қауіптенеді.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →