Негізгі мазмұнға өту
Жексенбі, 9 тамыз 2026 $ 468,0 540,9 5,71
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    «Қазақтың үш қызын жар етуді нәсіп етті»: Бекболат Тілеухан жеке өмірі туралы айтты Шавкат Рахмоновтың отбасы қара жамылды Мемлекет басшысы Сингапур Президентін ұлттық мерекемен құттықтады «Елубайдың бауы берік болсын»: Өзінен 25 жас кіші қызға үйленген актер сүйінші сұрады Самат Смақов «Атырау» футбол клубының бас бапкері болып тағайындалды Ақтау тұрғындары ірі алаяқтық схемасына қатысты ұжымдық өтініш жолдады «Қазақтың үш қызын жар етуді нәсіп етті»: Бекболат Тілеухан жеке өмірі туралы айтты Шавкат Рахмоновтың отбасы қара жамылды Мемлекет басшысы Сингапур Президентін ұлттық мерекемен құттықтады «Елубайдың бауы берік болсын»: Өзінен 25 жас кіші қызға үйленген актер сүйінші сұрады Самат Смақов «Атырау» футбол клубының бас бапкері болып тағайындалды Ақтау тұрғындары ірі алаяқтық схемасына қатысты ұжымдық өтініш жолдады

    Бірінші арнаға плакатпен шыққан журналист жоғалып кетті

    Адвкоаттар тікелей эфирге плакатпен шыққан Бірінші арна журналисін таба алмай жатыр. Бұл туралы Qazaq.Today басылымы Медузаға сілтеме жасап хабарлайды.

    Марина Овсянникова адвокаттарымен 10 cағаттан бері хабарға шықпаған.

    «Время» бағдарламасының тікелей эфирінде Украинадағы соғысты тоқтатуға шақырған Бірінші арнаның қызметкері Марина Овсянниковамен адвокаттары 10 cағаттан бері байланыса алмай жатыр, деп жазды Медуза басылымы.

    Адвокат Даниил Берманның мәліметінше, бастапқыда оны Мәскеудегі Останкин ауданының полиция бөлімшесіне алып барған. Бірақ полиция қызметкерлері бөлімшеде ондай адам жоқ екенін хабарлапты.

    Baza басылымының жазуынша, Овсянникованың үстінен Ресей Федерациясының Қылмыстық кодексінің 207.3 жаңа бабы «Ресей Федерациясының қарулы күштерін пайдалану туралы көрінеу жалған ақпаратты көпшілікке тарату» бойынша қылмыстық іс қозғалуда. Сондай-ақ, ол  15 жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Бастапқыда құқық қорғау органы журналистің үстінен әкімшілік хаттама рәсімдемек болған. Бірақ қазір құқық қорғау органдары кезектен тыс жиналыс барысында Овсянниковаға қарсы қылмыстық іс қозғауға шешім қабылдапты.

    Естеріңізге сала кетейік, Ресейдегі Бірінші арнаның қалалық бөлімінің редакторы Марина Овсянникова «Время» бағдарламасының тікелей эфиріне басып кіріп, Украинадағы соғысты тоқтатуға шақырды.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →