Негізгі мазмұнға өту
Дүйсенбі, 10 тамыз 2026 $ 468,0 540,9 5,71
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Астанадағы жасанды интеллект олимпиадасы жеңімпаздары Telegram жүлделерін ала алады «Челси» «Джохормен» матчқа шығатын құрамды жариялады Батыс Қазақстан облысында жолаушылар мінген автобус өртке оранды «Қателігімді түсіндім»: «Шоқан» брендінің иесі Борат бейнесін жарнамада қолданғаны үшін кешірім сұрады «Төрт мың доллар төледік»: Гүлзира Айдарбекованың үшінші келінін бала күтушісі тонап кетті Маңғыстауда мұнай кен орнында өрт шықты Астанадағы жасанды интеллект олимпиадасы жеңімпаздары Telegram жүлделерін ала алады «Челси» «Джохормен» матчқа шығатын құрамды жариялады Батыс Қазақстан облысында жолаушылар мінген автобус өртке оранды «Қателігімді түсіндім»: «Шоқан» брендінің иесі Борат бейнесін жарнамада қолданғаны үшін кешірім сұрады «Төрт мың доллар төледік»: Гүлзира Айдарбекованың үшінші келінін бала күтушісі тонап кетті Маңғыстауда мұнай кен орнында өрт шықты

    Басшы болып тұрғанда, білгенімді істеймін — Шымкентте білім беру орталығының директоры

    Әлеуметтік желіде Шымкенттегі қосымша білім беру оқу салалық орталығының директорының мекемедегі жұмысқа орналасу, үстемақы тағайындау сияқты мәселелерді өзі ғана шешетінін айтқан аудиожазбасы пайды болды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі жазды, деп хабарлайды Qazaq.today.

    Әлеуметтік желідегі ақпаратта аудиожазбадағы дауыс қосымша білім беру оқу салалық орталығының директоры Гүлнар Ахметбекованың дауысы екені айтылған. Жазабада басшы қызметкерлеріне отбасылық мәселелерін айтпауын және жаңа қызметкерлерге үстемақы беру-бермеу мәселесін өзі шешетінін айтып дауыс көтереді.

    “Мен мөр қолымда тұрғанда, мен басшы болып тұрғанда, өз білгенімді істеймін. Ешкімді тыңдамаймын. Басқарма басшысы болса да, әкім болса да, прокурор сот болса да маған бәрібір. Мен мына жерде жай отырған жоқпын, менің де таныстарым жетеді. Барлығын мен шешемін”, – дейді аудиожазбадағы дауыс.

    Шымкент қалалық білім басқармасы аудиожазбаға қатысты қызметтік тексеріс басталғанын хабарлады.

    “Шымкент қалалық білім бөлімінің салалық қосымша білім беру оқу орталығының басшысына қатысты әлеуметтік желіде жарияланған материалдар тексеріліп жатқанын хабарлаймыз. Орталық басшысы қазір денсаулығының нашарлауына байланысты еңбек демалысында. Жақын арада білім басқармасының баспасөз қызметі факті бойынша толығырақ ақпарат береді”, – делінген хабарламада.

    Qazaq.today 

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →