Негізгі мазмұнға өту
Жексенбі, 9 тамыз 2026 $ 468,0 540,9 5,71
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    «Төрт мың доллар төледік»: Гүлзира Айдарбекованың үшінші келінін бала күтушісі тонап кетті Маңғыстауда мұнай кен орнында өрт шықты «Қазақтың үш қызын жар етуді нәсіп етті»: Бекболат Тілеухан жеке өмірі туралы айтты Шавкат Рахмоновтың отбасы қара жамылды Мемлекет басшысы Сингапур Президентін ұлттық мерекемен құттықтады «Елубайдың бауы берік болсын»: Өзінен 25 жас кіші қызға үйленген актер сүйінші сұрады «Төрт мың доллар төледік»: Гүлзира Айдарбекованың үшінші келінін бала күтушісі тонап кетті Маңғыстауда мұнай кен орнында өрт шықты «Қазақтың үш қызын жар етуді нәсіп етті»: Бекболат Тілеухан жеке өмірі туралы айтты Шавкат Рахмоновтың отбасы қара жамылды Мемлекет басшысы Сингапур Президентін ұлттық мерекемен құттықтады «Елубайдың бауы берік болсын»: Өзінен 25 жас кіші қызға үйленген актер сүйінші сұрады

    Барды ұқсата алмаған: Саран қаласының әкімі қызметінен қуылды

    Барды ұқсата алмаған: Саран қаласының әкімі қызметінен қуылды

    Қарағанды облысы Саран қаласының әкімі Еркін Баулықов қызметінен босатылды. Бұл туралы Қарағанды облысының әкімдігі мәлімдеді.

    «Қарағанды облысы әкімінің өкімімен Саран қаласының әкімі Еркін Баулықов қалада жылу беру маусымының басталуында олқылық жібергені үшін атқаратын қызметінен босатылды», – делінген хабарламада. 

    Уақытша қала әкімінің міндетін атқарушы болып бұған дейін Саран қаласы әкімінің орынбасары болып жұмыс істеген Мақсат Қайрешов тағайындалды.

    Еске салсақ, бұған дейін Саран қаласының жылу жүйесінде ақау орын алғаны туралы жазған едік. Премьер-министр Саран қаласының жылу беру маусымына дайын екенін хабарлаған шенеуніктердің жазаланатынын мәлімдеді. Осыдан кейін Саран қаласының әкімі Еркін Баулықов пен энергетика және тұрғын үй коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы қалада жылу уақытында берілмегені үшін қатаң сөгіс алған еді.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →