Негізгі мазмұнға өту
Жексенбі, 9 тамыз 2026 $ 468,0 540,9 5,71
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Самат Смақов «Атырау» футбол клубының бас бапкері болып тағайындалды Ақтау тұрғындары ірі алаяқтық схемасына қатысты ұжымдық өтініш жолдады Алматыда полиция баланы қауіпті жағдайдан құтқарды Әділет Зейнелдің анасы: 20 млн теңге — халық жинаған қаражат, мемлекеттік өтемақы емес Ақтаулық ана Жұлдыз Азанова Астанада денсаулық сақтау министрімен кездесуді талап етуде Астанада түнгі салют атқан екі азамат бес тәулікке қамалды Самат Смақов «Атырау» футбол клубының бас бапкері болып тағайындалды Ақтау тұрғындары ірі алаяқтық схемасына қатысты ұжымдық өтініш жолдады Алматыда полиция баланы қауіпті жағдайдан құтқарды Әділет Зейнелдің анасы: 20 млн теңге — халық жинаған қаражат, мемлекеттік өтемақы емес Ақтаулық ана Жұлдыз Азанова Астанада денсаулық сақтау министрімен кездесуді талап етуде Астанада түнгі салют атқан екі азамат бес тәулікке қамалды

    Балабақша меңгерушілері балаларды тамақтандыруға арналған қаражатты жымқырған

    Балабақша меңгерушілері балаларды тамақтандыруға арналған қаражатты жымқырған

    Фото: simbads.ru

    Мектепке дейінгі 5 ұйымдардың меңгерушілері және олардың көмекшілері жас балаларды тамақтандыруға арналған ақша қаражатын жымқырғаны үшін кінәлі деп танылды, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы. 

    Бұрынғы балабақша басшылары мәзірге сәйкес қажетті азық-түлік көлемін көрсете отырып өтінімдер берген. Бұл ретте алдын ала өнім берушімен қылмыстық сөз байласып, олар толық жеткізілім туралы құжаттарға жалған мәліметтер енгізген.

    Қылмыстық схеманың бастамашысы және қылмыстық келісімнің тікелей ұйымдастырушысы бұрын сотталған олардың сыбайласы (өнім беруші) болған.

    Мемлекеттік айыптаушы – прокурор сотталғандардың кінәсін дәлелдейтін барлық айғақтарды ұсынды.

    «Сот үкімімен балабақша меңгерушілеріне тағайындалған барлық мерзімге пробациялық бақылау белгілене отырып, 2 жылдан 3 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге, мәжбүрлі еңбекке тартуға және мемлекеттік қызметте қызмет атқаруға өмір бойына тыйым салуға сотталды.

    Жеңілдететін мән-жайлар ретінде, меңгерушілердің келтірілген залалды өтегені, кінәларын толық мойындағаны және олардың кішкентай балаларының бар екендігі танылды.

    Ұқсас қылмыстар үшін өтелмеген соттылығы болған олардың сыбайласы 4 жыл бас бостандығынан айырылды», — делінген Астана қаласы прокуратураының хабарламасында.

    Үкім заңды күшіне енді.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →