Негізгі мазмұнға өту
Бейсенбі, 24 қыркүйек 2026 $ 448,4 514,5 5,35
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • Аялдама емес, ішкіштер ордасы: Өскемендік тазалықшылар шаршады

    Аялдама емес, ішкіштер ордасы: Өскемендік тазалықшылар шаршады

    Фото: видеодан скрин

    Өскемендегі Назарбаев даңғылы бойында орналасқан «Қазақстан» жылы аялдамасы ішімдікке салынғандардың тұрақты мекеніне айналды, деп хабарлайды Qazaqtoday.info ақпарат порталы.

    «Таза Өскемен» кәсіпорнының жұмысшылары күн сайын бұл жерді санитарлық тазалаудан өткізеді, алайда келесі күні қайтадан лас әрі сасық күйге енеді. Қала тұрғындарының айтуынша, бұл аялдамадан сәл ғана жерде, №45 гастроном қасында полиция бекеті орналасқан. Соған қарамастан, тәртіп сақшылары тарапынан нақты шара қолданылмай, қоғамдық орындағы заңсыздық жалғасып келеді. Қазіргі уақытта жауапты органдарға бұл жағдайға араласып, тұрғындардың қауіпсіздігі мен тазалықты қамтамасыз етуді сұрайтын шағымдар жолданды. Бұл аялдама шын мәнінде жолаушылар үшін бе, әлде бұзақылар үшін бе деген сұрақ туындайды.

    Дереккөз: @tazaoskemen

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →