Негізгі мазмұнға өту
Дүйсенбі, 10 тамыз 2026 $ 468,0 540,9 5,71
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Алматы облысындағы психиатриялық ауруханаға қатысты тексеру қорытындысы жарияланды Президент Тоқаевтың сүйікті сәйгүлігі Ақжанның бейнесі алғаш рет жарияланды Астанадағы жасанды интеллект олимпиадасы жеңімпаздары Telegram жүлделерін ала алады «Челси» «Джохормен» матчқа шығатын құрамды жариялады Батыс Қазақстан облысында жолаушылар мінген автобус өртке оранды «Қателігімді түсіндім»: «Шоқан» брендінің иесі Борат бейнесін жарнамада қолданғаны үшін кешірім сұрады Алматы облысындағы психиатриялық ауруханаға қатысты тексеру қорытындысы жарияланды Президент Тоқаевтың сүйікті сәйгүлігі Ақжанның бейнесі алғаш рет жарияланды Астанадағы жасанды интеллект олимпиадасы жеңімпаздары Telegram жүлделерін ала алады «Челси» «Джохормен» матчқа шығатын құрамды жариялады Батыс Қазақстан облысында жолаушылар мінген автобус өртке оранды «Қателігімді түсіндім»: «Шоқан» брендінің иесі Борат бейнесін жарнамада қолданғаны үшін кешірім сұрады

    Атырау облысында тұрғындар дәрігерсіз қалып, әкімнің отставкасын талап етті

    Атырау облысының Күдряшов ауылында тұрғындар дәрігер мен жедел жәрдемнің жоқтығына наразы. Олар екі жыл бойы нәтиже көрсетпеген әкімнің отставкасын талап етті.

    Атырау облысында тұрғындар дәрігерсіз қалып, әкімнің отставкасын талап етті

    Атырау облысы Құрманғазы ауданына қарасты Күдряшов ауылының тұрғындары жергілікті әкімнің отставкаға кетуін талап етуде. Екі мыңнан астам халқы бар елді мекенде білікті дәрігер қалмаған, сонымен қатар жалғыз жедел жәрдем көлігі де алынған. Осыған байланысты ауыл жұртшылығы құзырлы органдарға шағым түсірген, деп хабарлайды Qazaqtoday.info сайты.

    Тұрғындардың айтуынша, олар осыдан екі апта бұрын ауыл әкімінің үстінен ресми арыз жазған. Олардың басты талабы – екі жыл ішінде ауылдың әлеуметтік мәселелерін шешуде нақты нәтиже көрсетпеген басшыны қызметінен босату. Халықтың пікірінше, шенеунік халықтың мүддесін қорғаудың орнына, тек «тәжірибе жинаумен» айналысқан.

    Бұл жағдай әлеуметтік желілерде кеңінен талқыланып, қоғам назарын аударды. Алайда, Атырау облысы әкімдігі мен басқа да жауапты мемлекеттік органдар тарапынан әзірге ресми жауап болған жоқ. Дәрігерсіз және жедел жәрдемсіз қалған ауыл тұрғындарының мәселесі қалай шешілетіні алдағы уақытта белгілі болады.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →