Негізгі мазмұнға өту
Жексенбі, 9 тамыз 2026 $ 468,0 540,9 5,71
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    «Қателігімді түсіндім»: «Шоқан» брендінің иесі Борат бейнесін жарнамада қолданғаны үшін кешірім сұрады «Төрт мың доллар төледік»: Гүлзира Айдарбекованың үшінші келінін бала күтушісі тонап кетті Маңғыстауда мұнай кен орнында өрт шықты «Қазақтың үш қызын жар етуді нәсіп етті»: Бекболат Тілеухан жеке өмірі туралы айтты Шавкат Рахмоновтың отбасы қара жамылды Мемлекет басшысы Сингапур Президентін ұлттық мерекемен құттықтады «Қателігімді түсіндім»: «Шоқан» брендінің иесі Борат бейнесін жарнамада қолданғаны үшін кешірім сұрады «Төрт мың доллар төледік»: Гүлзира Айдарбекованың үшінші келінін бала күтушісі тонап кетті Маңғыстауда мұнай кен орнында өрт шықты «Қазақтың үш қызын жар етуді нәсіп етті»: Бекболат Тілеухан жеке өмірі туралы айтты Шавкат Рахмоновтың отбасы қара жамылды Мемлекет басшысы Сингапур Президентін ұлттық мерекемен құттықтады

    Адамдар елге келмеген: Астанадағы ХҚКО қызметкерлері шетел азаматтарына заңсыз ЖСН таратып келген (ВИДЕО)

    Адамдар елге келмеген: Астанадағы ХҚКО қызметкерлері шетел азаматтарына заңсыз ЖСН таратып келген (ВИДЕО)

    Қаржы мониторинг агенттігінің Астана қаласындағы департаменті шетел азаматтарына заңсыз ЖСН беріп келген схеманы анықтап, жолын кесті, деп хабарлайды Qazaqtoday.info.

    Негізінде, заңға сай, шетел азаматтары Қазақстанның жеке сәйкестендіру нөмірін алғысы келсе,  Қазақстанға келіп, міндетті биометриялық сәйкестендіруден өтуі керек еді.

    «Алайда 2024–2025 жылдары өтініш берушілер елге келмесе де оларға ЖСН рәсімдеуге заңсыз көмектесетін қылмыстық схема пайда болған. Схеманы жүзеге асыру үшін әлеуметтік желідегі арна пайдаланылып, сол арқылы ЖСН-ды қашықтан алуға мүдделі шетел азаматтары іздестіріліп, тартылған. Қылмыстық әрекетке «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ-ның Астана қаласы бойынша филиалының қызметкерлері тартылған. Олар ХҚКО ақпараттық жүйесіне көрінеу жалған мәліметтер енгізіп, ЖСН алуға қатысты жалған өтінімдер рәсімдеген», — деп хабарлайды ҚМА.

    Заңсыз сыйақы делдалдар арқылы банк аударымдары түрінде беріліп, кейін схемаға қатысушылар арасында бөлінген. Қылмыстық іс сотқа жолданды.

    Фото: Azattyq ruhy

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →