Алматыда ер адам айып тұрағынан көлігін рұқсатсыз алып кетті
Алматыда ер адам айып тұрағына қойылған көлігін рұқсатсыз мініп кеткен. Полиция көлікті Райымбек даңғылы мен Күдерин көшесінің маңынан тауып, қозғалысын тоқтатты.
Алматыда ер адам айып тұрағына қойылған көлігін рұқсатсыз мініп кеткен. Полиция көлікті Райымбек даңғылы мен Күдерин көшесінің маңынан тауып, қозғалысын тоқтатты.
Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Мәлік Әбдіқадыров өз еркімен қызметінен кетті. Облыс әкімі Нұрдәулет Қилыбай оған алғыс білдіріп, алдағы қызметіне сәттілік тіледі.
Шымкент әуежайында мас жолаушы багажында жарылғыш зат бар деп мәлімдеп, 5 тәулік әкімшілік қамауға алынды. Тексеру кезінде қауіп расталмады.
Рудный қаласында мас күйде жол апатын жасаған жүргізуші 20 тәулік әкімшілік қамауға алынып, 7 жылға көлік жүргізу құқығынан айырылды.
Семейдегі Солтүстік ауданы Сосновая көшесінде бір қабатты автожуу ғимараты өртеніп, жалын жүк көлігі мен екі тұрғын үйге таралды. Зардап шеккендер туралы ақпарат жоқ.