Негізгі мазмұнға өту
Жексенбі, 8 қараша 2026 $ 448,3↓€ 499,4↓₽ 5,47↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Рыбакинаның турнирден бас тартуы Украинаға тарихи мүмкіндік сыйлады • Ақтөбедегі жеңістерден кейін қазақстандық боксшылар BoxRec рейтингінде жоғарылады • Елена Рыбакинаның орнына WTA қорытынды турнирінде Марта Костюк ойнайды • Стендап-комикке қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін 86,5 мың теңге айыппұл салынды • Головкин Дакарда ХОК президенті Кирсти Ковентримен кездесті • Латвияның «Рига» клубы РФШ-қа қарсы матчқа шығудан бас тартты • Рыбакинаның турнирден бас тартуы Украинаға тарихи мүмкіндік сыйлады • Ақтөбедегі жеңістерден кейін қазақстандық боксшылар BoxRec рейтингінде жоғарылады • Елена Рыбакинаның орнына WTA қорытынды турнирінде Марта Костюк ойнайды • Стендап-комикке қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін 86,5 мың теңге айыппұл салынды • Головкин Дакарда ХОК президенті Кирсти Ковентримен кездесті • Латвияның «Рига» клубы РФШ-қа қарсы матчқа шығудан бас тартты •

    Рудныйда мас күйде апат жасаған жүргізуші 20 тәулікке қамауға алынды

    Рудный қаласында мас күйде жол апатын жасаған жүргізуші 20 тәулік әкімшілік қамауға алынып, 7 жылға көлік жүргізу құқығынан айырылды.

    Рудныйда мас күйде апат жасаған жүргізуші 20 тәулікке қамауға алынды

    Сурет: pixabay.com

    Қостанай облысының Рудный қаласында мас күйде көлік жүргізіп, жол апатына себеп болған азамат сот шешімімен әкімшілік қамауға алынды.

    Бұл туралы Qazaqtoday.info сайты хабарлайды.

    Қостанай облыстық соттарының мәліметінше, іс Рудный қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған сотында қаралған.

    Іс материалдарына сәйкес, 2026 жылдың қыркүйегінде жүргізуші мас күйде Франко көшесімен келе жатып, қала әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөліміне тиесілі металл жарықтандыру бағанасына соғылған. Салдарынан коммуналдық мүлікке материалдық шығын келген.

    Медициналық куәландыру жүргізушінің оқиға кезінде орташа дәрежеде мас болғанын анықтаған. Сот отырысында ер адам өз кінәсін толық мойындады.

    Сот құқық бұзушылықтың сипатын, қоғамдық қауіптілік деңгейін және істің өзге де мән-жайларын ескере отырып, жүргізушіні кінәлі деп таныды. Оған 20 тәулік әкімшілік қамақ тағайындалып, 7 жыл мерзімге көлік жүргізу құқығынан айырылды.

    Сот қаулысы әзірге заңды күшіне енген жоқ.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →