Семейде автожуу орнында өрт шығып, жүк көлігі мен екі тұрғын үйге таралды
Семейдегі Солтүстік ауданы Сосновая көшесінде бір қабатты автожуу ғимараты өртеніп, жалын жүк көлігі мен екі тұрғын үйге таралды. Зардап шеккендер туралы ақпарат жоқ.
Сурет: ТЖМ
Семей қаласында автожуу орнында өрт болғанын Төтенше жағдайлар министрлігі хабарлады.
Бұл туралы Qazaqtoday.info сайты хабарлайды.
Құтқарушылардың мәліметінше, Солтүстік ауданындағы Сосновая көшесінде бір қабатты автожуу ғимараты тұтанған. Өрт сөндіру бөлімшелері жетпей тұрып, газгольдер жарылған.
Жалын жүк көлігіне және екі жеке тұрғын үйге таралғаны анықталды. Өрт аумағы нақтыланып жатыр.
Зардап шеккендер жөнінде ақпарат келіп түскен жоқ.
Оқиға орнында Төтенше жағдайлар министрлігінің күштері мен құралдары жоғары ранг бойынша жұмыс істеп жатыр.
