Мәлік Әбдіқадыров Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары қызметінен кетті
Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Мәлік Әбдіқадыров өз еркімен қызметінен кетті. Облыс әкімі Нұрдәулет Қилыбай оған алғыс білдіріп, алдағы қызметіне сәттілік тіледі.
Фото: Маңғыстау облысының әкімдігі
Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Мәлік Әбдіқадыров өз еркімен қызметінен босатылды. Бұл туралы өңір әкімдігінің мәліметінде айтылған.
Бұл туралы Qazaqtoday.info сайты хабарлайды.
Отставка туралы шешім белгілі болған соң облыс әкімі Нұрдәулет Қилыбай оған атқарған жұмысы үшін алғыс айтып, алдағы қызметіне сәттілік тіледі.
Әкімдік хабарламасында Әбдіқадыров облыс әкімінің орынбасары болған кезеңде өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуының бірнеше маңызды бағытына жетекшілік еткені атап өтілді.
Оның орнына кім тағайындалатыны әзірге хабарланған жоқ.
