Қазақстан — Қытай хоккей матчының тікелей эфирі 7 қарашада басталады
Қазақстан мен Қытай хоккей құрамалары Азия чемпионаты-2027 турнирінде 7 қарашада кездеседі. Матчтың тікелей трансляциясы 13:30-да Qazsport арнасында басталады.
Сурет: sports.kz
7 қараша, сенбі күні Қазақстан құрамасы Чонджуда (Оңтүстік Корея) өтіп жатқан Азия чемпионаты-2027 хоккей турнирінде Қытай командасымен кездеседі. Бұл туралы Sports.kz хабарлайды.
Бұл туралы Qazaqtoday.info сайты хабарлайды.
Қазақстан — Қытай матчының тікелей трансляциясы қазақстандық уақытпен 13:30-да басталып, «Qazsport» телеарнасында көрсетіледі.
Құрлықтық біріншіліктегі алғашқы ойынында Қазақстан Жапония құрамасымен кездесіп, 3:2 есебімен жеңіске жетті. Қазақстан құрамасының сапында Максим Мухаметов, Александр Мигунов және Кирилл Никитин шайба соқты. Қытай құрамасына келер болсақ, ол турнирдің стартында Оңтүстік Кореядан 2:3 есебімен жеңіліс тапты. Азия чемпионаты-2027 форматы — айналма турнир: әр команда барлық қарсыластарымен ойнайды. Қазақстандық хоккейшілер қорытынды матчын 8 қарашада Оңтүстік Корея құрамасына қарсы өткізеді. Қазақстан құрамасы хоккейден Азияның екі дүркін чемпионы: команда «алтынды» Алматыда өткен Азия чемпионаты-2025 пен Бейжіңдегі (Қытай) Азия чемпионаты-2026 турнирлерінде жеңіп алған.
