Негізгі мазмұнға өту
Бейсенбі, 24 қыркүйек 2026 $ 447,7 511,6 5,31
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • Алматыда ер адам айып тұрағынан көлігін рұқсатсыз алып кетті

    Алматыда ер адам айып тұрағына қойылған көлігін рұқсатсыз мініп кеткен. Полиция көлікті Райымбек даңғылы мен Күдерин көшесінің маңынан тауып, қозғалысын тоқтатты.

    Алматыда ер адам айып тұрағынан көлігін рұқсатсыз алып кетті

    Сурет: istockphoto

    Алматы қалалық полиция департаментінің хабарлауынша, ер адам айып тұрағына қойылған көлігін рұқсатсыз мініп кеткен.

    Бұл туралы Qazaqtoday.info сайты хабарлайды.

    Көлік бірнеше өтелмеген әкімшілік айыппұлына байланысты арнайы айып тұрағына қойылған екен.

    «Арада бірнеше сағат өткен соң көлік иесі құжаттарын алып кету үшін айып тұрағына келген. Алайда ол құжаттарын алудың орнына көлікке отырып, айып тұрағынан өз бетінше шығып кеткен», — деп жазылған хабарламада.

    Полиция көлікті іздеуге кірісіп, оны Райымбек даңғылы мен Күдерин көшесінің маңынан тауып, қозғалысы тоқтатылды.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →