Негізгі мазмұнға өту
Жұма, 13 қараша 2026 $ 445,4↓€ 493,3↓₽ 5,36↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Қазақстан шахматшылары Азия ұлттары кубогінде БАӘ-нің бірінші құрамасын 3,5:0,5 есебімен жеңді • Жанар Дұғалованың тойдағы биі әлеуметтік желіде талқыланып жатыр • Мақпал Жүнісова марқұм жұбайы Заманбек Нұрқаділовті еске алды • Қазақстандық шахматшылар әлем чемпионатында алтын және күміс жүлде алды • Дариға Бадықова жұбайы Олжас Абай туралы жылы сөз айтты • Попкорн кинотеатрлардың басты табыс көзіне қалай айналды • Қазақстан шахматшылары Азия ұлттары кубогінде БАӘ-нің бірінші құрамасын 3,5:0,5 есебімен жеңді • Жанар Дұғалованың тойдағы биі әлеуметтік желіде талқыланып жатыр • Мақпал Жүнісова марқұм жұбайы Заманбек Нұрқаділовті еске алды • Қазақстандық шахматшылар әлем чемпионатында алтын және күміс жүлде алды • Дариға Бадықова жұбайы Олжас Абай туралы жылы сөз айтты • Попкорн кинотеатрлардың басты табыс көзіне қалай айналды •

    Алматыдан шыққан Air Astana ұшағы діттеген жеріне жете алмады

    Алматыдан шыққан Air Astana ұшағы діттеген жеріне жете алмады

    Фото: Pixabay
    13 қаңтар күні Алматы–Қызылорда бағыты бойынша ұшуы тиіс болған КС985 рейсін орындаған Airbus A320 әуе кемесі әуеге көтерілгеннен кейін қайтадан Алматы әуежайына оралуға мәжбүр болды. Бұл туралы Air Astana баспасөз қызметі мәлімдеді.

    Авиакомпанияның ақпаратынша, ұшу кезінде әуе кемесінде ықтимал техникалық ақауды білдіретін индикатор іске қосылған. Қызылорда әуежайында қажетті техникалық мамандар болмағандықтан, экипаж қауіпсіздік талаптарын басшылыққа алып, ұшып шыққан әуежайға кері қайту жөнінде шешім қабылдаған.

    Авиатасымалдаушының инженерлік-техникалық қызметі өндіруші нұсқаулығына сай толық тексеру жүргізіп, ешқандай ақау анықтамаған. Соның нәтижесінде әуе кемесі қайта пайдалануға берілген.

    Алайда Алматыдағы қолайсыз ауа райы мен Airbus NEO ұшақтарына қатысты пайдалану шектеулеріне байланысты рейс FlyArystan әуе компаниясының ұшағымен орындалды. Бұл жағдай рейстің тағы да кешігуіне себеп болған.

    Нәтижесінде ұшақ Алматыдан 02:34-те қайта ұшып шыққан. Рейстің жалпы кешігу уақыты 12 сағат 24 минутты құрады.

    Компания өкілдерінің хабарлауынша, кешігу кезінде жолаушыларға ыстық тамақ пен сусындар ұсынылған. Сондай-ақ сұраныс білдірген 36 жолаушы қонақ үйге орналастырылған.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →