12 адам эвакуацияланған: Талдықорғанда өрт шықты
Фото: видеодан скрин
Жетісу облысының Талдықорған қаласындағы Жастар шағынауданында бес қабатты тұрғын үйдің бір пәтерінен өрт шықты, деп хабарлайды Qazaqtoday.info ақпарат порталы.
Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, өрт пәтердің жатын бөлмесінде тұтанып, 10 шаршы метр аумақты шарпыған.
Өрт сөндірушілер келгенге дейін 10 адам ғимараттан өздігінен шыққан. Тағы екі адамды құтқарушылар баспалдақ арқылы эвакуациялады.
Өрт толық сөндірілді. Алдын ала болжам бойынша, тұтануға сіріңке сияқты аз қуатты от көзі себеп болуы мүмкін.
ТЖМ тұрғындарды өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтауға шақырды.
