Негізгі мазмұнға өту
Сейсенбі, 29 қыркүйек 2026 $ 442,2↓€ 503,8↓₽ 5,24↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Қазақстандықтардың орташа табысы 410 088 теңгеге жетті • «Жылдың 10 оқырманы» жобасы еліміздің барлық өңірін қамтиды • Жаңа Қорғаныс министрі армияда қандай өзгеріс болатынын айтты • Жамбылда оқушы өлі табылды: Полиция іс қозғалғанын хабарлады • «Бір айдан асты»: Тараз тұрғыны краннан аққан лай суға шағымданды • «Жаңбыр жауса, жол жоқ»: Тараздағы Қанағат көшесінің тұрғындары әкімдіктен асфальт сұрап отыр • Қазақстандықтардың орташа табысы 410 088 теңгеге жетті • «Жылдың 10 оқырманы» жобасы еліміздің барлық өңірін қамтиды • Жаңа Қорғаныс министрі армияда қандай өзгеріс болатынын айтты • Жамбылда оқушы өлі табылды: Полиция іс қозғалғанын хабарлады • «Бір айдан асты»: Тараз тұрғыны краннан аққан лай суға шағымданды • «Жаңбыр жауса, жол жоқ»: Тараздағы Қанағат көшесінің тұрғындары әкімдіктен асфальт сұрап отыр •

    Қайсар Хамзаның 182 мың доллар криптоактивіне тыйым салынды

    Қайсар Хамзаның 182 мың доллар криптоактивіне тыйым салынды

    Фото: instagram.com/qais_arr

    Қаржылық мониторинг агенттігі блогер Қайсар Қамзаға халықаралық іздеу жариялады, деп хабарлайды Qazaqtoday.info ақпарат порталы. 

    Ведомство мәліметінше, күдіктіге қатысты қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы санкцияланған. Ол заңсыз ойын бизнесін ұйымдастыруға және насихаттауға қатысы бар деген күдікке ілінген.

    Қаржылық мониторинг агенттігінің хабарлауынша, блогер соңғы бес жыл бойы Instagram желісінде qais_arr атауымен белсенді контент жүргізіп, 2,4 миллионнан астам жазылушы жинаған. Сонымен қатар Telegram мессенджеріндегі «Қора энтертейнмэнт» атты жабық арнаны басқарған. Аталған арнаның аудиториясы 368 мың адамға жеткен.

    Күдікті әлеуметтік желілердегі жеке парақшаларын пайдалана отырып, Қазақстан азаматтарын «Pinco» интернет-сайтында тіркелуге және құмар ойындарға қатысуға үндейтін сілтемелерді, бейнематериалдарды, графикалық элементтерді жүйелі түрде жариялап отырған. Сондай-ақ әрбір жарияланымда пайдаланушыларға бонус беретін жеке промокодын көрсеткен.

    Тергеу дерегінше, Қайсар Қамза аталған онлайн ойын платформасын жарнамалау арқылы сыйақылар, бонустар және пайыздық аударымдар түрінде табыс тапқан.

    Заңсыз алынған кірістерді жасыру мақсатында ол криптовалюта әмиянын пайдаланған. Криптоәмиянға «Pinco» интернет-казиносының ұйымдастырушыларынан тұрақты түрде төлемдер түсіп отырған. Сот санкциясына сәйкес, күдіктінің жалпы сомасы 182 736,741 USDT (шамамен 182 мың АҚШ доллары) болатын криптоактивтеріне тыйым салынды.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →