Негізгі мазмұнға өту
Жексенбі, 9 тамыз 2026 $ 468,0 540,9 5,71
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    «Төрт мың доллар төледік»: Гүлзира Айдарбекованың үшінші келінін бала күтушісі тонап кетті Маңғыстауда мұнай кен орнында өрт шықты «Қазақтың үш қызын жар етуді нәсіп етті»: Бекболат Тілеухан жеке өмірі туралы айтты Шавкат Рахмоновтың отбасы қара жамылды Мемлекет басшысы Сингапур Президентін ұлттық мерекемен құттықтады «Елубайдың бауы берік болсын»: Өзінен 25 жас кіші қызға үйленген актер сүйінші сұрады «Төрт мың доллар төледік»: Гүлзира Айдарбекованың үшінші келінін бала күтушісі тонап кетті Маңғыстауда мұнай кен орнында өрт шықты «Қазақтың үш қызын жар етуді нәсіп етті»: Бекболат Тілеухан жеке өмірі туралы айтты Шавкат Рахмоновтың отбасы қара жамылды Мемлекет басшысы Сингапур Президентін ұлттық мерекемен құттықтады «Елубайдың бауы берік болсын»: Өзінен 25 жас кіші қызға үйленген актер сүйінші сұрады

    «Барселона» «Реалды» тізе бүктірді: Рафиньяның дублі командаға кубок әкелді

    Сауд Арабиясында өткен Испания Суперкубогының финалында «Барселона» «Реалдан» 3:2 есебімен басым түсті. Матчтың қаһарманы Рафинья болды.

    «Барселона» «Реалды» тізе бүктірді: Рафиньяның дублі командаға кубок әкелді
    file_72.jpg

    Сауд Арабиясында өткен Испания Суперкубогының финалында «Барселона» мадридтік «Реалды» жеңіп, чемпиондық атағын сәтті қорғап қалды, деп хабарлайды Qazaqtoday ақпарат агенттігі.

    Екі грандтың текетіресіне ұласқан ойын 3:2 есебімен каталониялық клубтың пайдасына шешілді. Бұл кездесу нағыз голдар мен эмоцияға толы драма болды.

    Ойынның 36-минутында Рафинья есеп ашып, «Барселонаны» алға шығарды. Алайда бірінші таймның соңында командалар жанкүйерлерге нағыз триллер сыйлады. Алдымен 45+2 минутта Винисиус таразы басын теңестірсе, араға екі минут салып Роберт Левандовски каталониялықтарды қайтадан алға шығарды. Бірақ мадридтіктер де қарап қалмай, 45+6 минутта Гонсало Гарсияның голымен үзіліске тең есеппен кетті.

    Кездесу тағдырын шешкен голды 73-минутта тағы да Рафинья соғып, матчта дубль авторы атанды. Ойын соңына қарай «Барселона» ойыншысы Фрэнки Де Йонг алаңнан қуылғанына қарамастан, команда жеңісті уысынан шығармады.

    Осылайша, «Барселона» қатарынан екінші жыл Испания Суперкубогының жеңімпазы атанды. Өткен жылы олар финалда «Реалды» 5:2 есебімен ойсырата жеңген болатын. Бұл жеңіс каталониялықтардың 25 қарашадан бергі барлық турнирдегі 10-шы жеңісі болса, «Реалға» қарсы соңғы алты ойынның бесеуінде басым түсіп отыр.

    Фото: Әлеуметтік желіден

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →