Негізгі мазмұнға өту
Дүйсенбі, 12 қазан 2026 $ 453,8↑€ 508,4↑₽ 5,33↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Мария Севостьянова Парижде таеквондодан Гран-при қола жүлдесін жеңіп алды • Шымкентте Қайрат Нұртастың концертіне билет шамадан тыс сатылып, 18 жастағы қыз зардап шекті • «Яндекс» ақауынан кейін inDrive бағасы үш есеге өсті • Ыстық шай өңеш обыры қаупін арттырады – Денсаулық сақтау министрлігі ескерту жасады • Қостанай облысында 8 миллион теңгенің бидайы ұрланды • Ғалымжан Балабек Ташкентте 400 метрге еркін әдіспен жүзуде Қазақстан рекордын жаңартты • Мария Севостьянова Парижде таеквондодан Гран-при қола жүлдесін жеңіп алды • Шымкентте Қайрат Нұртастың концертіне билет шамадан тыс сатылып, 18 жастағы қыз зардап шекті • «Яндекс» ақауынан кейін inDrive бағасы үш есеге өсті • Ыстық шай өңеш обыры қаупін арттырады – Денсаулық сақтау министрлігі ескерту жасады • Қостанай облысында 8 миллион теңгенің бидайы ұрланды • Ғалымжан Балабек Ташкентте 400 метрге еркін әдіспен жүзуде Қазақстан рекордын жаңартты •

    Ақтаулық бойжеткен Оксфорд университетінде оқытушы атанды

    Ақтаулық Меруерт Бижанова Оксфорд университетіне оқытушы ретінде қабылданып, ғылым мен білім саласында қызмет етеді.

    Ақтаулық бойжеткен Оксфорд университетінде оқытушы атанды

    Ақтау қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің түлегі Меруерт Бижанова Оксфорд университетінің оқытушылар құрамына қабылданды. Ол енді әлемге танымал жоғары оқу орнының Teaching Fellow қызметін атқаратын болады, деп хабарлайды Qazaqtoday ақпарат агенттігі.

    Меруерт 2019 жылы Ақтаудағы Зияткерлік мектепті тәмамдап, кейін білімін АҚШ-тағы Пенсильвания университетінде жалғастырған. Онда ол студенттік ұйымдарды басқарумен айналысып, студенттік ассамблеяның президенті болды.

    2025 жылы Меруерт Бижанова Оксфорд университетінің докторантурасына қабылданған. Биыл университет оны оқытушылық және ғылыми-зерттеу қызметтерін қатар алып жүретін маман ретінде тағайындады.

    «Бұл қызмет маған артылған үлкен сенім деп білемін. Жас ғалым ретінде мен енді тек зерттеу жүргізіп қана қоймай, білімімді өзгелермен бөлісемін» — дейді Меруерт Бижанова.

    Фото: Маңғыстау облысының Орталық басқару орталығы

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →