Негізгі мазмұнға өту
Дүйсенбі, 10 тамыз 2026 $ 469,0 542,1 5,75
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Батыс Қазақстанда рейстік автобус өртеніп, 37 жолаушы эвакуацияланды «Челси» мен «Джохор» арасындағы матч 3:3 есебімен тең аяқталды Алматы облысындағы психиатриялық ауруханаға қатысты тексеру қорытындысы жарияланды Президент Тоқаевтың сүйікті сәйгүлігі Ақжанның бейнесі алғаш рет жарияланды Астанадағы жасанды интеллект олимпиадасы жеңімпаздары Telegram жүлделерін ала алады «Челси» «Джохормен» матчқа шығатын құрамды жариялады Батыс Қазақстанда рейстік автобус өртеніп, 37 жолаушы эвакуацияланды «Челси» мен «Джохор» арасындағы матч 3:3 есебімен тең аяқталды Алматы облысындағы психиатриялық ауруханаға қатысты тексеру қорытындысы жарияланды Президент Тоқаевтың сүйікті сәйгүлігі Ақжанның бейнесі алғаш рет жарияланды Астанадағы жасанды интеллект олимпиадасы жеңімпаздары Telegram жүлделерін ала алады «Челси» «Джохормен» матчқа шығатын құрамды жариялады

    Қазақстанда жүргізуші куәлігін беру процесі толығымен онлайн форматқа көшеді

    Қазақстанда жүргізуші куәлігін алғаш рет алу және қайта рәсімдеу толықтай онлайн жүзеге асады. Қызмет көрсету цифрландырылады.

    Қазақстанда жүргізуші куәлігін беру процесі толығымен онлайн форматқа көшеді

    Енді Қазақстан азаматтары жүргізуші куәлігін қайта рәсімдеу мен алғаш рет алу үшін ХҚКО-ға бармай-ақ, онлайн өтініш бере алады. Бұл қызметтерді толықтай цифрлық жүйеге көшіру жоспарланып отыр, деп хабарлайды Qazaqtoday ақпарат агенттігі.

    Цифрлық даму және жасанды интеллект вице-министрі Ростислав Коняшкиннің айтуынша, жүргізуші куәлігін қайта жаңарту қызметі қазірдің өзінде онлайн түрде қолжетімді. Алғашқы құқықты алу да электронды форматқа енгізілген.

    «Жүргізуші куәлігін алғаш рет алу мен қайта жаңарту процестерін тек онлайн форматта іске асыруды көздеп отырмыз», — деді Коняшкин брифинг кезінде.

    Оның айтуынша, ХҚКО-ға келген азаматтарға арнайы қызметкерлер көмектесіп, мобильді қосымшаны орнатуға немесе өз бетінше қызмет алу мүмкіндігі бар аймаққа бағыттайды.

    «ЦОН-ға келгендерге мобильді платформаны қалай қолдануға болатынын түсіндіреміз немесе өздігінен қызмет алуға арналған бұрышта кеңес беріп, онлайн өтініш беруге көмектесеміз», — деді ол.

    Фото: Әлеуметтік желіден

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →