Негізгі мазмұнға өту
Дүйсенбі, 9 қараша 2026 $ 447,5↓€ 498,9↓₽ 5,46↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Асхат Тарғын Жәнібек Бекбосыновтың қазасына көңіл айтты • Астана-Петропавл тасжолындағы сұмдық апат: зардап шеккендердің арасында нәресте бар • Мақпал Жүнісова Мейрамбектің мерейтойына неге келмегенін түсіндірді • «Kaspi барлық ақшамнан айырды»: Қазақстандық әйел банкке қатысты шағымданды • Астанада әкесі дүкенге кеткенде баласы көлікті дәмханаға соққан • Қазақстан триатлоншылары Гонконгтегі әлем кубогі кезеңінде сынға түсті • Асхат Тарғын Жәнібек Бекбосыновтың қазасына көңіл айтты • Астана-Петропавл тасжолындағы сұмдық апат: зардап шеккендердің арасында нәресте бар • Мақпал Жүнісова Мейрамбектің мерейтойына неге келмегенін түсіндірді • «Kaspi барлық ақшамнан айырды»: Қазақстандық әйел банкке қатысты шағымданды • Астанада әкесі дүкенге кеткенде баласы көлікті дәмханаға соққан • Қазақстан триатлоншылары Гонконгтегі әлем кубогі кезеңінде сынға түсті •

    Рамзан Қадыров 20 жастағы ұлын елдің вице-премьері етіп тағайындады

    Рамзан Қадыров 20 жастағы ұлын елдің вице-премьері етіп тағайындады

    Фото: Елена Афонина/ ТАСС

    Шешенстан басшысы Рамзан Қадыров 20 жастағы ұлы Ахмат Қадыровты республика үкіметінің вице-премьері қызметіне тағайындады, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы. 

    Сонымен қатар Ахмат Қадыров 2024 жылдан бері атқарып келе жатқан дене шынықтыру және спорт министрі лауазымын да сақтап қалады. Ол бұл жөнінде өзінің Telegram-арнасында мәлімдеді.

    Айта кетейік, Шешенстан басшысының өзге ұлдары да түрлі басшылық қызметтерде болған. Атап айтқанда, 2024 жылы Зелимхан Қадыров Ахмат жекпе-жек клубы мен Шешенстан бокс федерациясының тізгінін ұстаған. Ал 2025 жылы Адам Қадыров республика Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы болып тағайындалған.

    БАҚ деректеріне сәйкес, Рамзан Қадыровтың жақын туыстарының едәуір бөлігі мемлекеттік қызметте болған немесе қазір де жұмыс істеп келеді. Атап айтқанда, оның 14 баласының жетеуі әр жылдары түрлі мемлекеттік лауазымдарды атқарған.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →