Негізгі мазмұнға өту
Сейсенбі, 28 шілде 2026 $ 474,6 541,2 6,08
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Ердос Қанаев жеке өміріндегі кикілжіңдер туралы ашық айтты 2026 жылдың қаңтар-мамырында Қазақстан Орталық Азиядан мұнай өнімдері импортын 12,3 есеге арттырды Орал орман шаруашылығындағы өртті сөндіру жалғасуда Улытаудағы ауылдық спартакиада жаппай төбелеспен аяқталды Асаба Сабыржан Түзелбаев тойдағы орынсыз қалжыңдарына жауап берді Экологтік айыппұлды мұнай компанияларының акцияларына айырбастау: сарапшы ұсынысы Ердос Қанаев жеке өміріндегі кикілжіңдер туралы ашық айтты 2026 жылдың қаңтар-мамырында Қазақстан Орталық Азиядан мұнай өнімдері импортын 12,3 есеге арттырды Орал орман шаруашылығындағы өртті сөндіру жалғасуда Улытаудағы ауылдық спартакиада жаппай төбелеспен аяқталды Асаба Сабыржан Түзелбаев тойдағы орынсыз қалжыңдарына жауап берді Экологтік айыппұлды мұнай компанияларының акцияларына айырбастау: сарапшы ұсынысы

    Венесуэла Мадуроны қолдай ма? АҚШ-қа қарсы әлемдік наразылық күшейді

    Венесуэлада жағдай шиеленісіп, әлем елдері АҚШ әрекетіне қарсылық танытып жатыр.

    Венесуэла Мадуроны қолдай ма? АҚШ-қа қарсы әлемдік наразылық күшейді

    Фото: pexels.com

    Каракаста өткен ресми рәсімде Делси Родригес Венесуэла вице-президенті ретінде ант беріп, қазіргі уақытта ел басшысының міндетін уақытша атқарып жатыр. Ол АҚШ-тың араласуына қарсы шықса да, Николас Мадуроның билікте легитимді тұлға екенін айтты.

    Бұл – Венесуэла халқы үшін маңызы зор мәлімдеме, себебі ел ішіндегі және шетелдегі шиеленіс тереңдей түсті.

    Бұл туралы Qazaqtoday ақпарат агенттігі хабарлайды.

    Родригес ел тәуелсіздігін қорғауға бел буып отырғанын айтып, Венесуэла ешқашан «колонияға» айналмайтынын жеткізді. Сонымен қатар, ол Мадуро мен оның зайыбын босатуға шақырды.

    Шенеунік өз сөзінде: «Біздің халқымызға айтарым – билік әлі де жұмыс істеп тұр» деп нақтылады.

    Венесуэланы кім қолдайды, кім қарсы?

    Ресми билік пен халықтың пікірі екіге жарылған. Ел ішіндегі наразылықтардан бөлек, әлемнің түрлі аймақтарында да акциялар өтіп жатыр.

    Үндістанның Калькутта қаласында наразылар Трамптың чучелосын өртеді. Ал Лондонда АҚШ елшілігінің алдына «Венесуэлаға тиіспе» деген жазуы бар плакатпен адам шықты.

    Италияның астанасы Римде жүздеген адам АҚШ-қа қарсы лозунгпен елшілікке жиналды. Дәл осындай шерулер Нью-Йоркте де өтіп, қала мэрі Зохран Мамдани АҚШ әрекетін ашық сынға алды.

    «Венесуэланы тыныш қалдырыңдар!» – дейді жергілікті тұрғындар.

    Мадрид пен Сантьягода қарсы пікірлер басым

    Испания мен Чилидегі венесуэлалық диаспоралар Мадуро режимінің «құлауын» атап өтіп, бұл жағдайды оң қабылдады. Бұл да қақтығыс тек бір мемлекеттің ішінде ғана емес, жаһандық деңгейге жеткенін көрсетіп отыр.

    Қосымша ақпараттар мен бейнематериалдар әлеуметтік желілерде жарияланды.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →