Негізгі мазмұнға өту
Жексенбі, 9 тамыз 2026 $ 468,0 540,9 5,71
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    «Қазақтың үш қызын жар етуді нәсіп етті»: Бекболат Тілеухан жеке өмірі туралы айтты Шавкат Рахмоновтың отбасы қара жамылды Мемлекет басшысы Сингапур Президентін ұлттық мерекемен құттықтады «Елубайдың бауы берік болсын»: Өзінен 25 жас кіші қызға үйленген актер сүйінші сұрады Самат Смақов «Атырау» футбол клубының бас бапкері болып тағайындалды Ақтау тұрғындары ірі алаяқтық схемасына қатысты ұжымдық өтініш жолдады «Қазақтың үш қызын жар етуді нәсіп етті»: Бекболат Тілеухан жеке өмірі туралы айтты Шавкат Рахмоновтың отбасы қара жамылды Мемлекет басшысы Сингапур Президентін ұлттық мерекемен құттықтады «Елубайдың бауы берік болсын»: Өзінен 25 жас кіші қызға үйленген актер сүйінші сұрады Самат Смақов «Атырау» футбол клубының бас бапкері болып тағайындалды Ақтау тұрғындары ірі алаяқтық схемасына қатысты ұжымдық өтініш жолдады

    Жаңа жыл қарсаңында доллар бағасы өсіп кетті

    Жаңа жыл қарсаңында доллар бағасы өсіп кетті

    Фото: Pixabay

    2025 жылдың 31 желтоқсанында сағат 15:30-да Қазақстан қор биржасында (KASE) шетел валюталары бойынша күндізгі сауда-саттық аяқталды, деп хабарлайды Qazaqtoday.info ақпарат порталы.

    Сауда нәтижесіне сәйкес, АҚШ долларының орташа өлшенген бағамы 505,53 теңге болып, алдыңғы көрсеткіштен 3,02 теңгеге өсті. Ал Ресей рублімен операциялар бұл күні жүргізілген жоқ. Қытай юанінің таңғы саудадағы бағамы 72,12 теңгені құрап, 0,09 теңгеге қымбаттады. Айырбастау орындарында доллар 510,4–515,8 теңге аралығында сатылып алынса, еуро 591,9–601,9 теңге, рубль 6,14–6,41 теңге деңгейінде саудаланды. 31 желтоқсанда әлемдік мұнай нарығында да төмендеу байқалды. Brent маркалы мұнайдың наурыз айына арналған фьючерстері 0,3 пайызға арзандап, бір баррель үшін 61,16 АҚШ долларын құрады. Сондай-ақ ақпан айында жеткізілетін WTI мұнайының бағасы 0,3 пайызға төмендеп, баррелі 57,79 долларға дейін түсті.

    Айта кетейік, осы күні таңертең Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі доллардың ресми бағамын 502,57 теңге, еуроны 591,68 теңге, ал рубльді 6,42 теңге деңгейінде бекіткен болатын.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →