Негізгі мазмұнға өту
Жексенбі, 9 тамыз 2026 $ 468,0 540,9 5,71
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    «Төрт мың доллар төледік»: Гүлзира Айдарбекованың үшінші келінін бала күтушісі тонап кетті Маңғыстауда мұнай кен орнында өрт шықты «Қазақтың үш қызын жар етуді нәсіп етті»: Бекболат Тілеухан жеке өмірі туралы айтты Шавкат Рахмоновтың отбасы қара жамылды Мемлекет басшысы Сингапур Президентін ұлттық мерекемен құттықтады «Елубайдың бауы берік болсын»: Өзінен 25 жас кіші қызға үйленген актер сүйінші сұрады «Төрт мың доллар төледік»: Гүлзира Айдарбекованың үшінші келінін бала күтушісі тонап кетті Маңғыстауда мұнай кен орнында өрт шықты «Қазақтың үш қызын жар етуді нәсіп етті»: Бекболат Тілеухан жеке өмірі туралы айтты Шавкат Рахмоновтың отбасы қара жамылды Мемлекет басшысы Сингапур Президентін ұлттық мерекемен құттықтады «Елубайдың бауы берік болсын»: Өзінен 25 жас кіші қызға үйленген актер сүйінші сұрады

    Павлодарда қызметкер бастығын тонап кеткен

    Павлодарда қызметкер бастығын тонап кеткен

    Фото: Pixabay

    Павлодар қаласының 33 жастағы тұрғыны жұмыс орнында жасалған ұрлық үшін бір жарым жылға бас бостандығын шектеу жазасына кесілді, деп жазады Qazaqtoday.info ақпарат порталы.

    Сот материалдарына сәйкес, ер адам компанияға 2025 жылдың тамыз айында жұмысқа орналасқан. Кәсіпорын басшысы қызметкеріне сенім білдіргенін, алайда оның бұл сенімді ақтамағанын айтты. Оқиға 2025 жылғы 23 қарашада болған. Сол күні менеджер директордың кабинетіне кіріп, тумбада тұрған, ішінде 770 мың теңге бар конвертті жасырын алып кеткен. Келесі күні, яғни 24 қарашада, басшы қызметкерді өзіне шақырып, ұрлық сәті бейнеленген камера жазбасын көрсеткен. Айыпталушы кінәсін толық мойындап, істеген әрекетіне өкініш білдірген. Ол 140 мың теңге көлеміндегі шығынды ішінара өтеп, азаматтық талапты толық мойындағаны сот үкімінде көрсетілген.

    Нәтижесінде сот шешімімен оған 1 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →