Негізгі мазмұнға өту
Дүйсенбі, 10 тамыз 2026 $ 468,0 540,9 5,71
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Астанадағы жасанды интеллект олимпиадасы жеңімпаздары Telegram жүлделерін ала алады «Челси» «Джохормен» матчқа шығатын құрамды жариялады Батыс Қазақстан облысында жолаушылар мінген автобус өртке оранды «Қателігімді түсіндім»: «Шоқан» брендінің иесі Борат бейнесін жарнамада қолданғаны үшін кешірім сұрады «Төрт мың доллар төледік»: Гүлзира Айдарбекованың үшінші келінін бала күтушісі тонап кетті Маңғыстауда мұнай кен орнында өрт шықты Астанадағы жасанды интеллект олимпиадасы жеңімпаздары Telegram жүлделерін ала алады «Челси» «Джохормен» матчқа шығатын құрамды жариялады Батыс Қазақстан облысында жолаушылар мінген автобус өртке оранды «Қателігімді түсіндім»: «Шоқан» брендінің иесі Борат бейнесін жарнамада қолданғаны үшін кешірім сұрады «Төрт мың доллар төледік»: Гүлзира Айдарбекованың үшінші келінін бала күтушісі тонап кетті Маңғыстауда мұнай кен орнында өрт шықты

    Мобильді аударымдар бақылауға алынады: 1 020 000 теңгеден асса не болады және кім тексеріледі

    Қаржы вице-министрі үш айда 1 020 000 теңгеден асқан мобильді аударымдарға қатысты не болатынын түсіндірді: әуелі хабарлама, кейін тексеріс.

    Мобильді аударымдар бақылауға алынады: 1 020 000 теңгеден асса не болады және кім тексеріледі
    Фото © Tengrinews.kz / Турар Казангапов

    Қазақстанда мобильді аударымдарға қатысты жаңа тексеру критерийлері енгізілмек. Қаржы вице-министрі Ержан Біржанов үш айда әртүрлі адамдардан 1 020 000 теңгеден көп қаржы түскен жағдайда не болатынын түсіндірді.

    Бұл туралы Qazaq.today порталы хабарлайды.

    Вице-министрдің айтуынша, бірден айыппұл салу немесе жазалау шаралары қарастырылмаған. Алдымен мемлекеттік кірістер органдары азаматқа хабарлама жіберіп, түсініктеме беруді сұрайды.

    Егер адам шынында табыс тауып, бірақ кәсіпкер ретінде тіркелмеген болса, хабарламадан кейін жеке кәсіпкер (ЖК) ретінде есепке өз еркімен тұра алады.

    Алдымен ескерту, кейін – тексеріс

    Ержан Біржановтың сөзінше, егер азамат хабарламаға жауап бермесе, салық органы салықтық тексеру ашуға құқылы. Тек сол тексеріс аясында құжаттар жиналып, нақты салық сомасы есептеледі.

    Салық төленбеген жағдайда материалдар сот орындаушысына жіберілуі мүмкін. Яғни мәселе бірден «айыппұлмен» емес, түсіндіру мен рәсімдеу кезеңінен басталады.

    Туыстардан түскен аударымдар үшін жазаланбайды

    Вице-министр мобайл аударымдар туыстардан келсе, оған бола ешкімге шара қолданылмайтынын ерекше атап өтті. Мысалы, бауырлар немесе жақын туыстар бір-біріне жиі ақша аударса да, бұл автоматты түрде құқықбұзушылық санатына кірмейді.

    Еске салайық, Қазақстанда бірнеше аптадан кейін мобильді аударымдарды тексерудің жаңа критерийлері іске қосылады. Комитет мәліметінше, күмән туындаса, азаматты салықтық тексеру күтуі мүмкін.

    Тексеруге түсуі үшін 3 шарттың бәрі бірдей сәйкес келуі керек: үш ай қатарынан аударым түсуі; ақша 100 және одан да көп түрлі адамнан келуі; жалпы сома 12 ең төменгі жалақыдан (1 020 000 теңге) асуы.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →