Негізгі мазмұнға өту
Сәрсенбі, 11 қараша 2026 $ 447,7↓€ 502,7↑₽ 5,43↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Жазира Байырбекова банктегі ақшаға қатысты қауесетті әзілмен сөз етті • Толқын Тұрарбекқызы қызы Кәусардың алдағы диспорт екпесі туралы айтты • Нұртас Адамбайдың жұбайы психолог Торебек Бекбаевтың ілімін «секта» деп атады • Семейлік 60 жастағы экс-мұғалім түнде автобус жуып, TikTok-та танымал болды • Қазақстандық парашахматшылар Бишкектегі Азия чемпионатында 15 медаль алды • Қасым-Жомарт Тоқаев Мәскеуге келді • Жазира Байырбекова банктегі ақшаға қатысты қауесетті әзілмен сөз етті • Толқын Тұрарбекқызы қызы Кәусардың алдағы диспорт екпесі туралы айтты • Нұртас Адамбайдың жұбайы психолог Торебек Бекбаевтың ілімін «секта» деп атады • Семейлік 60 жастағы экс-мұғалім түнде автобус жуып, TikTok-та танымал болды • Қазақстандық парашахматшылар Бишкектегі Азия чемпионатында 15 медаль алды • Қасым-Жомарт Тоқаев Мәскеуге келді •

    Атырауда мал қырылып жатыр: тұрғындар шенеуніктерден нақты әрекет талап етті

    Атырауда мал қырылып жатыр: тұрғындар шенеуніктерден нақты әрекет талап етті

    Фото: видеодан скрин

    Атырау облысының Жылыой ауданында бірнеше күннен бері малдың жаппай қырылуы тоқтамай тұр. Ауыл тұрғындары қорадағы ірі қара мен ұсақ малдың белгісіз себеппен өле бастағанын айтып, дабыл қаққанымен, жергілікті биліктен әлі нақты жауап болмады, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.

    Тұрғындардың айтуынша, ауылда жағдай күн сайын ушығып барады. Көпшілігі “малымыз тегіс қырылып бітетін болды, билік неге үнсіз?” деп налиды. Әлеуметтік желілер мен чаттарда ауыл белсенділері мәселеге назар аударуды сұрап, дауыстарын көтеріп жатыр.

    Алайда халықтың айтуынша, жауапты шенеуніктер мәселені бір-біріне ысыра сөйлеп, тексеру мен нақты шараны кейінге қалдырып отыр. Бұл жағдай жұрттың ашуын келтірген.

    “Мал қырылып жатыр, жұрттың тіршілігі тоқтап қалды. Не болғанын анықтап, шұғыл шешім қабылдайтын уақыт баяғыда келген”, – дейді тұрғындар.

    Қазір ауыл халқы биліктен жедел әрекет етуді, себебін ашып, шығынды өтеу жолын қарастыруды талап етіп отыр.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →