Негізгі мазмұнға өту
Сенбі, 24 қазан 2026 $ 449,2↑€ 503,8↑₽ 5,49↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Тоқаев NVIDIA басшысымен кездесу қорытындысы туралы пікір білдірді • Дженсен Хуанг: 9 жасында дәретхана жуған бала NVIDIA компаниясын басқарады • ТЖМ жүргізушілерге ауа райы суығанда қауіпсіздік шараларын сақтауды ескертті • Айдос Сұлтанғали әлем чемпионатының ширек финалында жеңіске жетті • Республика күніне орай 649 сауда нысаны жеңілдіктер ұсынып отыр • Ибрагим Магомадов әлем чемпионатында алғашқы белдесуінде жеңіске жетті • Тоқаев NVIDIA басшысымен кездесу қорытындысы туралы пікір білдірді • Дженсен Хуанг: 9 жасында дәретхана жуған бала NVIDIA компаниясын басқарады • ТЖМ жүргізушілерге ауа райы суығанда қауіпсіздік шараларын сақтауды ескертті • Айдос Сұлтанғали әлем чемпионатының ширек финалында жеңіске жетті • Республика күніне орай 649 сауда нысаны жеңілдіктер ұсынып отыр • Ибрагим Магомадов әлем чемпионатында алғашқы белдесуінде жеңіске жетті •

    SMS-хабарлама арқылы шақыру: Әскери бөлімге бармағандарға жаза қолданылады

    SMS-хабарлама арқылы шақыру: Әскери бөлімге бармағандарға жаза қолданылады

    Коллаж: Ulysmedia

    Қорғаныс министрлігі әскерге шақыру тәртібіндегі өзгерістерді түсіндірді. Вице-министр Қаныш Әубәкіровтің айтуынша, енді әскери комиссариаттан жіберілген SMS-хабарлама ресми шақыру ретінде заң жүзінде бекітілді. Хабарлама алған әрбір азамат жергілікті қорғаныс департаментіне келуге міндетті, деп хабарлайды Qqazaq.today

    «SMS-хабарламаны біз заңмен бекіттік. Хабарлама алған әрбір азамат жергілікті қорғаныс бөлімшесіне келуі тиіс. Бір шақыру науқаны кезінде біз 20 мыңнан астам жасты шақырамыз», — деді Әубәкіров.

    Оның айтуынша, көшеде азаматтарды ұстап алып, күштеп әкету жағдайлары өте сирек және тек шақыруды бірнеше рет елемеген азаматтарға қатысты қолданылады.

    «Бұндай жағдай жылына 5–10 рет қана болады. Оперативтік профилактика тек бір емес, екі, үш, тіпті төрт рет шақыртуға келмеген азаматтарға қатысты жүргізіледі. Қалған жастар шақырту алып, өзі келіп, ел алдындағы міндетін орындайды», — деп түсіндірді вице-министр.

    Әубәкіров әскери қызметін адал өтеп жүргендер үшін мемлекет қосымша ынталандыру шараларын ұсынып жатқанын айтты.

    «Қазір әскерде жүрген жігіттерге кредиттік демалыс беріледі. Кеше ғана үш мыңға жуық әскери қызметші оқу грантына ие болды. Мұны да айтуымыз керек», — деді ол.

    Вице-министр ескертуге мән бермей, шақыртуға келмеген азаматтар жауапкершілікті алдымен өзінен іздеуі керегін атап өтті.

    «Шақыртуға келмейтіндер ең алдымен өзіне сұрақ қоюы керек», — деді Әубәкіров.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →