Негізгі мазмұнға өту
Жексенбі, 30 тамыз 2026 $ 464,4 538,0 5,40
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    «Сені жақсы көреміз»: Димаш Құдайберген қарындасына сахнада тосын сый жасады Алматыда тұрғын үй өртеніп, бір әйел ауруханаға жатқызылды «Келінім үйде ештеңе істемейді»: Айгүл Иманбаева отбасылық өмірі туралы сыр шертті Нұрай Серікбай ісі: Шерхан Аймаханның қорғаушылары үкімге шағым түсірді Астана метросының «Әуежай» станциясы 28 тамыздан бастап жабылады Жамбыл облысындағы «Қарасу» өткізу пунктінде Қырғызстанға бет алған 400-ге жуық жүк көлігі кезекте тұр «Сені жақсы көреміз»: Димаш Құдайберген қарындасына сахнада тосын сый жасады Алматыда тұрғын үй өртеніп, бір әйел ауруханаға жатқызылды «Келінім үйде ештеңе істемейді»: Айгүл Иманбаева отбасылық өмірі туралы сыр шертті Нұрай Серікбай ісі: Шерхан Аймаханның қорғаушылары үкімге шағым түсірді Астана метросының «Әуежай» станциясы 28 тамыздан бастап жабылады Жамбыл облысындағы «Қарасу» өткізу пунктінде Қырғызстанға бет алған 400-ге жуық жүк көлігі кезекте тұр

    Джей Ло мен Backstreet Boys концерттері кафе, мейрамханалар бизнесін жандандырған

    Джей Ло мен Backstreet Boys концерттері кафе, мейрамханалар бизнесін жандандырған

    Фото: sona.kz

    Дженифер Лопес пен Backstreet Boys концерттерінің елдегі экономикалық белсенділікке әсері талданды, деп хабарлайды Qazaq.today.

    Ұлттық банктің хабарлауынша, бұқаралық мәдени іс-шаралардың экономикалық белсенділікке әсері бірнеше ондаған жылдар бойы халықаралық деңгейде зерттеліп келеді.

    «2000-жылдардың басында концерттік индустрияның экономикалық әсерін талдайтын Rockonomics3 тұжырымдамасы қалыптасты. Ал соңғы жылдары бұл әдебиет жаңа бағыт – Swiftonomics4 аясында дамуын жалғастыруда. Екі тәсіл де бұқаралық мәдени іс- шараларды жеке қалалардағы экономикалық белсенділікті арттыра алатын фактор ретінде қарастырады. Бұқаралық мәдени іс-шаралар қаладағы демалыс белсенділігінің жалпы өсуі аясында туристер ағыны арқылы да, жергілікті тұрғындардың ішкі сұранысын арттыру арқылы да жергілікті тұтынуды ынталандыра алады», – делінген баяндамада.

    Құжатта Астана мен Алматыда өткен Jennifer Lopez, Backstreet Boys концерттерінің тұтынушылық белсенділіктің жергілікті өсуіне ықпал еткені жазылған. Бұл әсерді анықтау үшін аймақ пен кезең бойынша бекітілген әсерлері бар панельдік регрессия пайдаланылған. Бұл өзгермейтін аймақтық сипаттамалар мен жалпы экономикалық күйзелістерді бақылауға мүмкіндік береді.

    «Алынған бағалауларға сәйкес, әлемдік деңгейдегі орындаушылардың концерттері тамақ қызметі саласындағы алшақтықтың әртіс пен қабылдаушы қалаға байланысты 5-11%-ға артуына әкелді. Ең айқын әсерлер Астана қаласында байқалды: концерттердің өткізілуі қоғамдық тамақтану қызметтері көлемінің алшақтығын шамамен 8,4%-ға арттырды. Астана қаласында өткен Backstreet Boys концертінің әсері қызмет көлемі бойынша да, бөлшек саудада да магнидудасы жағынан біршама жоғары болды. Аталған концерт өткен кезеңде Астана қаласында өзге де бұқаралық іс-шаралардың (Astana Finance Days) қатар өткенін ескеру қажет. Бұл қоғамдық тамақтану нарығындағы жергілікті белсенділікті қосымша күшейткен болуы мүмкін», – деп хабарлайды Ұлттық банк.

    Жүргізілген талдау жаппай мәдени іс-шаралардың жергілікті деңгейдегі тұтынушылық белсенділікке, әсіресе, қоғамдық тамақтану секторында, статистикалық тұрғыдан мәнді оң әсер ететінін көрсетті. Бөлшек саудаға әсері мардымсыз екені жазылған.

    «Алынған нәтижелер сондай-ақ тұтынушылық белсенділіктің мұндай қысқамерзімді серпіні баға серпініне де жергілікті деңгейде әсер етуі мүмкін екенін көрсетеді, алайда бұл болжам жеке қосымша талдауды талап етеді», – делінген баяндамада. 

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →