Нилуфар Раимова әлем чемпионатында бесінші орынмен қанағаттанды
Астанадағы әйелдер күресінен әлем чемпионатында Нилуфар Раимова 57 келіде бесінші орын алды. Қола жүлде үшін белдесуде ол американдық Хелен Марулиске 2:5 есебімен жол берді.
Сурет: inbusiness.kz
Астанада өткен әйелдер күресінен әлем чемпионатында қазақстандық Нилуфар Раимова өз өнерін бесінші орынмен аяқтады. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Ұлттық олимпиадалық комитетіне сілтеме жасап хабарлайды.
Бұл туралы Qazaqtoday.info сайты хабарлайды.
57 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде «қола» жүлде үшін белдесуде ол американдық Хелен Марулиске 2:5 есебімен жол берді. Осылайша, қазақстандық спортшы бесінші орынға тұрақтады.
Айта кетейік, Марулис 2016 жылы Рио-де-Жанейрода өткен Олимпиада ойындарында жеңімпаз атанған, ал Токио-2020 және Париж-2024 Олимпиадаларында қола медальдарға қол жеткізген. Сонымен қатар оның еншісінде әлем чемпионы атағы төрт рет бар.
Қазақстан әйелдер құрамасының қоржынында әзірге бір медаль бар. Бұған дейін Зейнеп Баянова 50 килограмға дейінгі салмақта үшінші орынды иеленген болатын.
