Негізгі мазмұнға өту
Бейсенбі, 29 қазан 2026 $ 456,6↑€ 507,8↑₽ 5,67↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Петропавлда футбол манежінің шатырынан құлаған 24 жастағы жұмысшы қаза тапты • Нилуфар Раимова әлем чемпионатында бесінші орынмен қанағаттанды • Зейнеп Баянова Астанадағы әлем чемпионатында қола медаль жеңіп алды • Жәмила Бақбергенова әлем чемпионатының жартылай финалында жеңілді • Дархан Мұсаев заңды некеге отырғанын мәлімдеді • Испанияда жылдам жүретін екі пойыз соқтығысып, кемінде 46 адам қаза тапты • Петропавлда футбол манежінің шатырынан құлаған 24 жастағы жұмысшы қаза тапты • Нилуфар Раимова әлем чемпионатында бесінші орынмен қанағаттанды • Зейнеп Баянова Астанадағы әлем чемпионатында қола медаль жеңіп алды • Жәмила Бақбергенова әлем чемпионатының жартылай финалында жеңілді • Дархан Мұсаев заңды некеге отырғанын мәлімдеді • Испанияда жылдам жүретін екі пойыз соқтығысып, кемінде 46 адам қаза тапты •

    Петропавлда футбол манежінің шатырынан құлаған 24 жастағы жұмысшы қаза тапты

    Петропавлда футбол манежінің құрылысында 16 метр биіктіктен құлаған 24 жастағы жұмысшы ауруханада қайтыс болды. Тергеу жүріп жатыр.

    Петропавлда футбол манежінің шатырынан құлаған 24 жастағы жұмысшы қаза тапты

    Сурет: madeniportal.kz

    Петропавлда салынып жатқан футбол манежінің шатырынан құлаған 24 жастағы жұмысшы ауруханада қайтыс болды. Қайғылы оқиға жас спортшыларға арналған жабық футбол манежінің құрылысында болған.

    Бұл туралы Qazaqtoday.info сайты хабарлайды.

    Жұмысшы 16 метр биіктіктен құлап, ауыр жарақат алған. Зардап шеккен азамат ауруханаға жеткізіліп, шұрғыл ота жасалған. Алайда дәрігерлер оның өмірін сақтап қала алмады.

    Солтүстік Қазақстан облысы денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, марқұмның бас сүйегі мен миы ауыр зақымданып, бет сүйектері сынған, ішкі ағзалары жарақаттанған.

    «Науқасқа жіңішке ішектің жарақатына байланысты ота жасалды. Сондай-ақ нейрохирургтер тексерді. Науқастың бас сүйегі мен миы ауыр дәрежеде жараланған. Миы қатты зақымданған, бет сүйектерінің бірнеше жері сынған. Өкінішке қарай, мұндай ауыр жарақат алған науқастың өмірін сақтап қалу мүмкін болмады», – деді Гүлнар Қалиева.

    Қазір оқиғаға қатысты тергеу жүріп жатыр. Мемлекеттік еңбек инспекциясы құрылыс нысанында қауіпсіздік талаптарының сақталуын тексеруге кірісті.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →