Дархан Мұсаев заңды некеге отырғанын мәлімдеді
Актер Дархан Мұсаев заңды некеге отырғанын мәлімдеді. Ол неке куәлігін алғанын айтып, құттықтау сұрады. Бұған дейін Дариға Бадықованың Олжас Абаймен шаңырақ көтергені хабарланған.
Фото: Видеодан скрин
Актриса Дариға Бадықованың бұрынғы жұбайы, актер Дархан Мұсаев ресми түрде үйленгенін жария етті. Ол заңды некеге отырғанын айтты.
Бұл туралы Qazaqtoday.info сайты хабарлайды.
«Бүгін мен тағы бір жаңалығыммен бөліссем деп отырмын. Жалғыздық Құдайға ғана жарасқан. Бүгін біз некеге отырдық. Ал құттықтап қойсаңыздар болады. Сүйінші. Барлығыңызға Алла жар болсын! Неке куәлігін алдық», – дейді Дархан Мұсаев.
Айта кетейік, жуырда актриса Дариға Бадықованың фильмдерге бірге түсіп жүрген серігі Олжас Абаймен көңіл қосып, шаңырақ көтергені хабарланған.
