Негізгі мазмұнға өту
Жексенбі, 9 тамыз 2026 $ 468,0 540,9 5,71
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    «Қателігімді түсіндім»: «Шоқан» брендінің иесі Борат бейнесін жарнамада қолданғаны үшін кешірім сұрады «Төрт мың доллар төледік»: Гүлзира Айдарбекованың үшінші келінін бала күтушісі тонап кетті Маңғыстауда мұнай кен орнында өрт шықты «Қазақтың үш қызын жар етуді нәсіп етті»: Бекболат Тілеухан жеке өмірі туралы айтты Шавкат Рахмоновтың отбасы қара жамылды Мемлекет басшысы Сингапур Президентін ұлттық мерекемен құттықтады «Қателігімді түсіндім»: «Шоқан» брендінің иесі Борат бейнесін жарнамада қолданғаны үшін кешірім сұрады «Төрт мың доллар төледік»: Гүлзира Айдарбекованың үшінші келінін бала күтушісі тонап кетті Маңғыстауда мұнай кен орнында өрт шықты «Қазақтың үш қызын жар етуді нәсіп етті»: Бекболат Тілеухан жеке өмірі туралы айтты Шавкат Рахмоновтың отбасы қара жамылды Мемлекет басшысы Сингапур Президентін ұлттық мерекемен құттықтады

    36 жастағы келіншек 23 жылда 44 бала босанған

    36 жастағы келіншек 23 жылда 44 бала босанған

    Фото: Dzen.ru

    Уганда тұрғыны 23 жылда 44  баланы өзі босанған. Жергілікті дәрігерлер мұны сирек кездесетін генетикалық ерекшелікпен — гиперовулямен түсіндіреді, деп хабарлайды Qazaq.Today ақпарат порталы.

    36 жастағы Мариям Набатанзи Угандада тұрады және ол әлемдегі ең көп балалы ана саналады. Бүгінгі таңда оның 44 баласы бар. Алғашқы егіздерін ол 13 жаста босанған. Өзінен 28 жас үлкен күйеуі  отбасын тастап кеткен.

    «Мариям алты рет егіз, төрт рет үшем, бес рет алты егіз баланы дүниеге алып келген. Небәрі 23 жаста оның 25 баласы болған. Сол кезден бастап ол дәрігерлерге бала туғысы келмейтінін айтып келген», деп жазады басылым.

    Бұл генетикалық ерекшелік болғандықтан, дәрігерлер оның жүктілігінің алдын ала алмаған. Тек Набатанзи 38 жасқа толғанда ғана дәрігерлер оған операция жасап, әйелді қолдан бедеу қылған.

    Набатанзи балаларын асырау үшін бірнеше жерде жұмыс істейді, ал оның тұңғышы анасына көмектесу үшін мектепті тастап кеткен. Әйелдің айтуынша, үй тар болғандықтан, отбасы мүшелерінің кейбірі далада жатады. Сонымен қатар олар күніне 10 кг ұн, 7 кг үрмебұршақ, 4 кг қант жейді.

    Айта кетейік, ғалымдар Жерден тағы бір магнит толқынын анықтады.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →