Негізгі мазмұнға өту
Дүйсенбі, 10 тамыз 2026 $ 468,0 540,9 5,71
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Астанадағы жасанды интеллект олимпиадасы жеңімпаздары Telegram жүлделерін ала алады «Челси» «Джохормен» матчқа шығатын құрамды жариялады Батыс Қазақстан облысында жолаушылар мінген автобус өртке оранды «Қателігімді түсіндім»: «Шоқан» брендінің иесі Борат бейнесін жарнамада қолданғаны үшін кешірім сұрады «Төрт мың доллар төледік»: Гүлзира Айдарбекованың үшінші келінін бала күтушісі тонап кетті Маңғыстауда мұнай кен орнында өрт шықты Астанадағы жасанды интеллект олимпиадасы жеңімпаздары Telegram жүлделерін ала алады «Челси» «Джохормен» матчқа шығатын құрамды жариялады Батыс Қазақстан облысында жолаушылар мінген автобус өртке оранды «Қателігімді түсіндім»: «Шоқан» брендінің иесі Борат бейнесін жарнамада қолданғаны үшін кешірім сұрады «Төрт мың доллар төледік»: Гүлзира Айдарбекованың үшінші келінін бала күтушісі тонап кетті Маңғыстауда мұнай кен орнында өрт шықты

    Қазақстан әуежайлары маңында 1200-ден астам жер учаскесі заңсыз берілген

    Елімізде әуежайлардың жанындағы жер учаскелері заңсыз сатылған. Бұндай фактлер төрт қалада анықталған.

     

    «Бас прокуратураның тексеріс жүргізуі барысында әуежайлардың санитарлық-қорғау аймағының шекарасында жергілікті атқарушы органдардың 1 200-ге жуық учаске бергені анықталды. Оларда 900-ден астам ғимарат салынған. Сондай-ақ, аэродром маңындағы аумақтарда, әуежай комиссияларының келісімінсіз 100 мыңнан астам түрлі объектілерді салу фактілері бар. Заңсыз құрылыс салу бойынша неғұрлым күрделі жағдай Алматы, Шымкент, Атырау және Ақтөбе қалаларында байқалады», — деді министр.

     

    Оның атап өтуінше, аэродром маңы аумақтарын пайдалану бойынша нақты талаптарды белгілеу мақсатында аэродром айналасында орналасқан жер учаскелеріне құқықтар беру тәртібіне түзетулер енгізілді.

     

    «Қазақстанның авиациялық әкімшілігіне ұшу қауіпсіздігіне қатер төндіретін қызметтерге рұқсат беру құзыреті берілген. Жергілікті атқарушы органдар тарапынан жер учаскелерін беру кезінде заңнама талаптарын сақтау жөнінде пәрменді іс-шаралар қабылдауы, сондай-ақ бұрын тұрғызылған заңсыз құрылыстар бойынша тиісті іс-шаралар атқаруы қажет», — деді Марат Қарабаев.

     

    Премьер-Министр Әлихан Смайылов заңсыз берілген жер учаскелерін алып қоюды тапсырды.

     

    «Индустрия министрлігі Қаржы министрлігімен, әкімдіктермен және әуежайлармен бірлесіп, әуежай инфрақұрылымын жаңғырту жөніндегі жол карталарын әзірлеу қажет. Сонымен бірге, әкімдіктермен бірлесіп, әуежайлардың маңындағы заңсыз берілген жер учаскелерін алып қою жұмыстарын жүргізу керек. Энергетика министрлігімен және «Самұрық-Қазына» қорымен бірлесіп, авиакеросин өндірісін ұлғайту мәселесін пысықтау қажет. Сондай-ақ, авиаотын нарығындағы делдалдық схемаларды болдырмау жөніндегі жұмыстарды күшейту қажет», — деді үкімет басшысы.

     

    Айта кетейік, бұдан бұрын Алматы әуежайының сауда алаңдарын жеке тұлғалар заңсыз иемденіп алғаны хабарланған.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →